Ереже

І. Оқу залының ережесі

1.1.         Оқу  залы бөлімнің құрамына жалпы оқу залы кітапхананың құрылымдық  бөлімі болып табылады.

1.2.         Оқу  залы бөлімі тікелей меңгерушінің басшылығында болып, директорға бағынады.

1.3.         Оқу  залын пайдалану тегін. Жаңадан тіркелген оқырман тіркелу кезінде кітапханаға тиісті кітап оқырман кітапшасы (формуляр) толтырылады.

 

ІІ. Оқу залының  негізгі міндеттері 

2.1.         Оқырмандарға ақпаратты  және кітапханалық-библиографиялық дербес қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету, олардың білімін жетілдірудегі, оны одан әрі дамытудағы  сұраныстарын қанағаттандыру, кітап қорында бар кітаптарды және басқа материалдарды оқу залында пайдалануына береді.

2.2.         Оқырмандардың  жүйелі білім алуына, ұлттық және әлем мәдениетінің  құндылығын бағалай білуге насихатау.

2.3.         Оқырмандарды оқу мәдениетіне тәрбиелеу, оларға кітапханалық-библиографиялық білімді насихаттау.

2.4.         Балалармен жекеаралық қатынастарды ұлғайту, балалардың бос уақыттарын тиімді және қызықты өткізу шараларын ұйымдастыруға қатысу.

 

ІІІ. Оқу залының  негізгі қызметі мен жұмысының мазмұны

 

3.1.         Оқу залы бөлімінің оқырмандар  контингентін қалыптастыру мектеп, гимназия, лицей 7 жастан 15 жасқа дейінгң балаларға тәрбие, білім беру саласындағы балалардың бос уақытын тиімді пайдалануымен кітапханаға тарту.

3.2.         Жаңа келген оқырмандарды кітапханаға тіркеу, бұрыннан тіркелген оқырмандарды қайта тіркеуден өткізу. Оларды кітапхананың пайдалану ережесімен, кітапханалық қызметтің барлық түрімен, кітап қорын сақтау жауапкершілігімен таныстыру.

3.3.         Оқырмандардың құрамын олардың сұранысы  мен  тілегін зерттеу. Оқырмандарға ең жоғарғы мәдениеттегі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, қажетті баспа басылымдар мен басқа да материалдарды іздеуде көмек көрсету.

3.4.         Күнделікті оқырмандар есебі  мен  келушілер оларға берілген әдебиеттер есебін жүргізу. 3-ші бөлім іс-шаралармен.

3.5.         Әдебиеттердің сақталуы оқырмандар  пайдаланып  қайтарылған әдебиеттердің тексеріліп алуында.Оқырмандар кітапхана қорындағы  әдебиеттерге және де басқа материалдарға нұқсан келтірсе немесе кітапхананы пайдалану ережесін бұзса  оларға моральдық және материалдық шаралар қолдану.

3.6.         Оқырмандар құрамын, олардың ынтасы  мен  сұраныстарын зерттеу, оқырмандарға қызмет  көрсетудің  әртүрлі тиімді әдістері  мен түрлерін пайдалану, қызмет көрсетудің деңгейін жақсартуға  (әдістемелік және  библиографиялық секторлармен бірге) қатысу.

3.7.         Оқу залындағы қорындағы әдебиеттердің құрамын және оның  қолдануын жүйелі зерттеп, ескірген және жыртылған,  мазмұны ескірген ағымдағы емес пайдаланылмайтын кітаптарды іріктеу. Олардың кітап қорын сақтау, жөндеуге немесе кітапхана қорынан шығаруға беру. Оқырмандардың орындалмаған сұраныстарына анализ жасау, жоқтарына, жоғалғандарына, кітап қорын толықтыру мен өңдеу секторына  қайта толықтыруға ұсыныс беру.

3.8.         Оқу зал қорын ұйымдастыру, сақталуын қамтамасыз ету. Осы мақсатта әдебиеттерді және басқа да материалдарды уақытында сөрелерге орналастыру, орналастыруды жүйелі тексеріп тұру, кітап сөрелеріне және стеллаждарды бөлгіштермен, тақырыптық аттармен безендіру, кітаптарды шаңнан тазартып отыру.

3.9.         Оқу залы қорының мазмұнын кітап көрмелері мен жаңа келіп түскен әдебиеттер көрмесін ұйымдастыру, кітап көрмесінің беташарын өткізу арқылы ашу.

3.10.    Оқу залы бөлімдерінде белсенді оқырмандармен  қатынас жасау, оларды көпшілік шараларға тарту.

+7 7252 33-84-46