Центральная библиотека

Главная » О библиотеке » Центральная библиотека

      А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы жас оқырмандар үшін білім беретін, бос уақытты тиімді пайдаланатын ақпараттық орталық болып табылады.

      Штаттық бірлік – 27,5 бірлікті құрайды, оның ішінде 16 шығармашылық  қызметкерлер, 10 техникалық қызметкерлер.

      Кітапхананың пайдаланушылары: мектеп жасына дейінгі балалар, 1-9 сынып оқушылар және балалар оқуының жетекшілері.

       Кітапханада 4 бөлім, 1 сектор: оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі, әдістемелік-ұйымдастыру бөлімі, ақпараттық-библиографиялық бөлім, кітап қорын толықтыру бөлімі, кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі және мерзімді басылымдар секторы пайдаланушыларға қызмет көрсетеді.

      Кітапхана Интернет желісіне қосылған. Республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе (РАБИС)  электронды каталогты қалыптастыру жұмыстары «Каталогизатор», «Оқырмандарды тіркеу», «Іздеу. Көру. Тапсырыс» жүргізілуде.

     Орталық балалар кітапханасы жыл  сайын 70000 астам  келушілерге қызмет көрсетеді. Оларға жыл сайын 140000 мыңнан аса кітап және түрлі құжаттар беріледі.  

    Орталық балалар кітапханасы №23 З.Космедемьянская атындағы мектеп -лицейі, №50  А.Байтұрсынов атындағы  мектеп -гимназиясы, №3 Ұлықбек атындағы жалпы орта  мектеп  және «Сәт»,  «Майра», «Інжу - Маржан» балабақшалармен Облыстық «Саз» колледжі, Облыстық қуыршақ театры, Облыстық орыс драма театры,Қалалық мүгедектер орталығымен бірігіп жұмыстар жүргізеді.

    Кітапханада  түрлі  кездесулер, тарихи, танымдық тақырыптық кештер, сайыс-турнирлер,  тұсау кесер іс - шаралары  өтеді. 

   Оқырмандардың  қызығушылығын арттыру мақсатында «Шабыт» қызықты кездесулер клубы және «Жас өркен», "Еркеназ" үйірмесі  жұмыстарын жүргізеді.

    

            Мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, Мангелдин көшесі, 39


+7 7252 33-84-46