Ереже

Инновациялық  және әдістемелік жұмыс бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ережелері

1.1.        Инновациялық  және әдістемелік жұмыс бөлімі кітапхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады, директордың басшылығымен жұмыс атқарады және оның құзырына қарайды.

1.2.        Бөлім маркетингтік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады және инновациялық әдістерді жұмыс практикасына енгізеді.

1.3.        Бөлім өз қызметінде келесі әрекеттегі заң актілерін басшылыққа ала отырып, жұмыс атқарады: бұйрықтар, жарлықтар және басшылық етуші құжаттарды, ОККЖ Ережесін, директордың бұйрықтары мен өнімдерін, кітапхананың жұмыс кестесін, осы ережені.

1.4.        Бөлім қалалық орталық Отбасылық кітапхана мен кітапхана бөлімшелермен өзара әрекетте алға қойған міндеттерді жүзеге асырады.

 

ІІ. Бөлімнің негізгі міндеттері

2.1.  Өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайда кітапхана жұмысын

        бағдарлауға, маркетинг негізінде басымдылық бағыттарды дамытуға

        мүмкіндік туғызу.

2.2.  Мониторинг негізінде салалы емес қосымша кітапханалық-ақпараттық    

       қызметті талдау және оқып білу.

2.3. Кітапхана қызметіне ассортиментті саясат қалыптастыру, қызмет көрсету      

       мен өнімнің жаңа түрлерін өңдеп шығару.

2.4. Кітапхана тәжірбиесіне ең жаңа жетістіктерді, озық тәжірбиені,

       нәтижелерін енгізу, түсіндіріп тарату және оқып білу.

2.5. Кітапхананың тартымды бейнесін қалыптастыруда, кітапхананың дамуына

      көмек көрсете алатын құрылымдар, қорлар, ұйымдардың назарын аударуда

      жәрдем беру.

 

ІІІ. Жұмыс мазмұны

3.1. Кітапхананың маркетингтік қызметіне байланысты тәжірбиелік және

       әдістемелік міндеттердің барлық жиынтығын жүзеге асыру.

3.2. Кітапхана қызметіне тұрғындардың сұраныстарын жүзеге асыру.

3.3. Кітапханалық-ақпараттық ықпал етудің потенциалды ортасын,  кітапхана

      қызметіне қоғамның құқықты мүшесі мен заңды құқығы бар адамдардың   

      талаптарын талдау.

3.4. Ақпараттық қызмет пен кітапханалық өнімдердің маркетингтік   

      бағдарламасын өңдеу.

3.5. Кітапханалық-ақпараттық қызметті көтеру, сұранымды ынталандыру.

3.6. Маркетингтік зерттеу ісін ұйымдастыру.

3.7. Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне қарасты барлық

       кітапхана бөлімшелерінің барлық қызметі, бағыттары бойынша әдістемелік

       көмек көрсету.

3.8.Өзара тиімді байланыстар орнату, серіктестік, демеушілер, 

      пайдалануышылар, ынтымақтастықтың әртүрлі әдістерін іздестіру.

3.9.Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне қарасты  

кітапханалардың тартымды бейнесін қалыптастыру және қоғамдармен байланысты орнату мақсатында ассоциациялар, қорлар, құрылымдар, басқа ұйымдар өткізетін іс-шараларға қатысу. 

 

ІV. Бөлімді басқару және жұмысты ұйымдастыру.

 

4.1. Бөлімді болашақтық және жылдық жоспаралар негізінде жұмысты

       ұйымдастырып отыратын меңгеруші  басқарады, оның қызметін

       ұйымдастыру және мазмұнына толық жауап береді.

4.2. Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін бөлім меңгерушісі ұсынып, кітапхана

       директоры бекіткен қызметтік нұсқаулармен анықталады.

4.3.Бөлім жұмысы кітапхана жұмысының жалпы жоспары, бөлім жұмысының

      жылдық және тоқсандық жоспарлары негізінде құрылады.

4.4. Бөлім кітапхана директорына бағынады.

4.5.Бөлімнің жұмыс тәртібі кітапхана жұмысының жұмыс тәртібімен   

      анықталады.

+7 7252 33-84-46