Шеберлік сабағы

Главная » Отделы библиотеки » Шеберлік сабағы

Кітапхана қорымен жұмыс

Кітапхананың кітап қоры басылымдар мен бірегей кітаптар жинақтарымен толықтырылған. Олар көп нұсқалы анықтамалық басылымдар, энциклопедициялар, сөздіктер, мектеп бағдарламасына көмекші ғылыми-көпшілік әдебиеттер, заманауи көркем әдебиеттер, балаларға арналған детективтер, қиял – ғажайып, шытырман оқиғалар, ертегілер және т.б.

   Кітапханамыздың  кітап қорының саны - 250 мың данадан асады, оның ішінде қазақ тіліндегісі - 87267 дана. Жыл көлемінде қорға 5 мыңнан аса  сала бойынша жаңа басылымдар мен  кітаптар алынады.Қорда тек қағаздағы құжаттар ғана емес, сонымен қатар электрондық тасушы құжаттар да (видео және аудиокассеталар, CD-ROM, DVD) бар. Жыл көлемінде ТОО «Евразия-Пресс» арқылы балаларға арналған  газет- журналдарға жазыламыз. Кітапханамыздан сирек кездесетін кітаптарды да таба аласыздар.

Кітапхан қорымен жұмысының бастысы қорды орналастыру . Кітапханада баспа шығармаларын орналастыру тәртібі кітапхананың типі мен қордың кімге арналғанына қарай белгіленеді. Қорды орналастыру дың екі тәсілі бар:

Логикалық орналастыру яғни білім салалары мен тақырыптар бойынша (жүйелік және тақырыптық) орналастырылады.

Формалді орналастыру : алфавиттік, тілдік түрлері бойынша.

Қорды жүйелік орналастыру дегеніміз – кітаптарды білім салаларына бөліп, логикалық түрде қойылады. Қорды тақырыптық орналастыру – жүйелі орналасқан қордың ішкі бөлімінде, ерекше маңызды тақырыптарды жеке болу мақсатында қолдануды айтамыз.

Қорды алфавиттік орналастыру  дегеніміз – кітаптар полкаларға афтордың фамилиясы немесе кітап атының алфавиті бойынша орналастырылады. Кітаптарға олардың авторлардың фамилиясы, ал авторы көрсетілмеген кітаптардың аттарының бас әріпі немесе басқы буынымен есептелініп қойылады.

Тілдік орналастыру дегеніміз – баспа шығармалары қай тілде басылғанына қарай бөлініп қойылады. Бұл алфавиттік және жүйелік орналастыру тәсілдерімен бірге қолданылады.

Кітапхан қорын тексеру.

Кітапхана қорын тексеру түрлі тәсілмен (бақылау талондары арқылы, инвентарь кітабы арқылы) келесі мерзімде жүргізіледі:

  • Өте сирек кездесетін қорлар –3 жылда бір рет;
  • Құнды қорлар – 5 жылда бір рет;
  • Кітапхана қорының есептік бірлігі 100 мыңға дейін болса  5 жылда бір рет.
  • 1)     Қор үшін жауапты қызметкер ауысқанда;
  • 2)     Табиғи апатқа ұшыраған жағдайда,өрт басқа да жағдай болғанда;
  • 3)     Ұрлық фактісі анықталғанда,құжаттар бүлінген жағдайда;
  • 4)     Кітапхана қорын немесе  бір бөлігін жалға берген жағдайда;
  • 5)     Кітапхана қайта құрылған немесе жабылған жағдайда

 Қор үшін материалдық жауапты тұлға (кітапхана басшысы немесе бөлім меңгерушісі, оқу залы, абонемент, филиал т.б) ауысқанда, кітапхана қорына немесе бір бөлігне жүргізілген тексеру кезекті тексерілуге теңеледі.

Тексеру түсіндірме хат жазылып кітаптардың тізімі көрсетілген акт жасаумен аяқталады.

  Актіде көрсетілген тексеру нәтижелері сақтау комиссиясында немесе қор жөніндегі басқа алқаларында  қаралады. Шешім негізінде есептен шығару туралы акт бекітуге беріледі.

                                   1. Жалпы ережелер

 1. Мемлекетік бюджет есебіне қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары кітапханаларының қоры мемлекет меншігі болып табылады және Қазақстанның қолданылып жүрген  Конститутциясына сәйкес қорғалады.

2. Мемлекет өзінің билік және басқару орындарының қатысуымен кітапхана қорын сақтау мен пайдалану, сондай-ақ  оны бүліну мен тонаудан қорғау үшін қолайлы жағдай жасайды.

3. Сирек басылымдар, сондай-ақ аса құнды кітап жинақтары ұлттық мұра болып есептеледі.Сирек басылымдарды анықтап есепке алу белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Қордың сақталуына кітапхана басшылары, қорға кіруге рұқсты бар қызметкерлер мен пайдаланушылар жауап береді.Қордың сақталуы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуын бақылайтын жұмыс органы қормен жұмыс ітеу комссиясы болып табылады. Ол кітапханадағы жетекші мамандар, бухгалтерия өкілдері мен жұртшылық қатарынан құрылады. Кітапхана басшылары мен барлық қызметкерлер кітапхана қорының сақталуын қамтамасыз ету басылымдармен мерзімді басылымдар, т.б материалдардың  жойылып, ысырап болмауына, ұрлыққа жол бермеу, ұжым мен оқырмандарды жалпы мемлекеттік меншікке ұқыпты қарау сезімін тәрбиелеу шараларын қолдануға міндетті.

                         2. Кітапхана қорының сақталу шарттары

  Кітапхана қорының сақталу шарттары оның физикалық- химиялық биологиялық және механикалық бүлінеуден қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

  Қор сөрелерде, арнаулы шкафтарда немесе сейфтерде тігігнен  және көлденеңінен сақталады. Көлемі 35 см-ге дейінгі кітаптар мен журналдар сөрелерде тігінен, ал үлкен көлемді кітаптар мен журналдар көлденеңінен қойылады.Парақ материалдар қораптарда сақталады. Барлық газеттер мен журналдар түптеледі.

  Кітап қоймасын жарықтандыру табиғи және жасанды болуы мүмкін.Табиғи жарықтандыруда күн сәулелерінің қорға тікелей түсуіне жол берілмейді. Күн сәулелерін шашырату үшін перделердің әртүрлі жүйесі қолданылады. Жасанды жарықтандыруда жарық нормасын арттыруға болмайды. Электрмен жарықтандыруды 40-60 ваттық бір лампа сөреарлық  өтпелердің әрбір 2-метріне 75 ват- тық лампа негізгі өтпенің әрбір 4-5 метріне есептеп қойылған лампалармен қамтамасыз етіледі. Электрлі жарық көздері өрттен қауіпсіз әрі шаң мен ылғал өткізбейтін болуы тиіс.

Қорды сақтаудың қолайлы темературасы 17-19 С, ауаның ылғалдылығы 55 С.

  Қорды сақтаудың қалыпты режимі шартарының бірі – оны шаңнан қорғау және биологиялық зиянкестерден тазарту. Бұл жұмыс тұрмыстық шаңсорғыш -тың және формалиннің                   2-3 ертіндісіне батырылған мақтадан жасалған тампонның көмегімен тұрақты кем дегенде жыл бойы бір-екі рет жүргізілуі тиіс. Шыбын–шіркейлер бүкіл қорға таралып кеткен жағдайда дезинфекциялау жүргізіледі.

                  

3. Қорды ұйымдастыру барысында оның сақталуын қамтамасыз ету

. Жинақтау мен өңдеу барысында қордың сақталуы,қорды есепке алу жөніндегі нұсқаулармен реттеледі.Есеп құжаттарының жүйесіне жөнелту құжаттары (шот, накладной, чектің көшірмесі, акт, түбіртек және т.с.с.) жиынтық және жеке есеп нысандары (кітапхана қорының есеп кітабы,  инвентарь кітабы, түсімдерді тіркеу журналы, есеп каталогтары мен картотекалары кіреді.

. Барлық басылымдар мен басқа да құжат түрлері кітапхана өңдеуіне кейін кітапхана қорына жөнелтіліп, қордың мазмұнына, көлемі мен мақсатына, басылымдар мен материалдар құрамына қарай орналастырылады. Қордың  орналастырылуы сақтауға  ыңғайлы болуға тиіс. Қордың дұрыс орналастырылуы мен физикалық жай-күйі үнемі бақылауда болады.

. Өрттен қорғану қағидаларын сақтау керек. Кітапхана бөлмелерінде темекі шегуге тыйым салынады. Кітапхана өңдеуінен өтпеген кітаптар оқырмандарға үйге беруге, оқу залынан, оқырман формулярында тірклмеген басылымдарды, сондай-ақ анықтама басылымдарының,сөздіктердің,шежірелердің (энциклопедия)    және т.т. жалғыз данасын беруге тыйым салынады.

. Әңгімелесу, көрнекі насихаттың әралуан жолымен оқырмандарды кітапқа ұқыппен қарауға тәрбиелеу жұмысын тұрақты жүргізіп отыру керек.

. Қор иесі бөлімдерге сырт киіммен және сөмкемен кіруге тыйым салынады. Еркін пайдалану қорына оқырмандар тек кітапханашының қатысуымен басылымдар мен материалдар берілген кезде ғана  жіберіледі. Кітапхана басылымдар мен материалдарды сыртқа алып шығуға қатаң бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.

. Қор сақтау бөлімі мен функционалды бөлімдердің қослқы қорларының бөлмелеріне жиналыстар, мәслихаттар мен басқа да шараларды өкізуге тыйым салынады.

. Кітапхана оқырмандарды қатыстыра отырып шағын жөндеуді (түскен беттерді желімдеу, мұқабаны желімдеу және т.т ) жүйелі түрде жүргізіп отыруы тиіс.

. Оқырмандардың сұранымындағы жұмсақ мұқабалы немесе мұқабасы жоқ, сондай-ақ тұрақты немесе ұзақ мерзімге пайдалануға арналған басылымдарды қайта түптеген жөн. Пайдалану мүмкіндігін кеңейту мақсатында аса зор сұраныстағы жекелеген басылымдар  мен олардың бөлімдері әралуан тәсілмен көбейтіліп көшіріледі, күйтабақтар магнит таспасына қайта көшіріледі. Микрофото  көшірмесі негізінде ұзақ әрі тұрақты сақтауға арналған ғылыми, тарихи және көркемдік жағынан аса құнды басылымдардың сақтандыру қоры жасалады. Ол қауіпсіз орында мұқият сақталуы тиіс.

. Басылымдар мен материалдардың факт жүзінде  бар-жоғын анықтау үшін, кітапханалар мына мерзімде қорды жоспарлы тексеруді жүргізеді:

1)     бастауыш және орта білім беру ұйымдары, кәсіби техникалық білім беру ұйымдары кітапханаларды- 5 жылда бір рет;

2)    жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханалары –        7 жылда бір рет.

 

       Кітап сақтау бөлімінің қоры таңдамалы түрде (аса құнды басылымдар) тексеріледі. Төтенше жағдайлар (стихиялық апаттар, ірі тонаулар, өрт және т.б) болған жағдайда немесе қор үшін жауапты адамның ауысуына байланысты тексеріс жоспарлы ретінде саналады.

        Қордың сақталуы үшін жауапты адам ауысқан кезде өткізу қабылдап-тапсыру актіне сәйкес жүргізіледі. Міндетті жоспарлы тексеріс кітапхана балансында тұрған кітаптардың, кітапшалар мен кинофотоқұжаттардың барлығы жатады. Қорды тексеру    қорытындылары бойынша екі данадан тұратын акт  жасалады.

       . Қорды тексеру кітаптары «Инвентарь кітабымен» тікелей салыстыру жолымен немесе бақылау талондарының көмегімен жүргізілуі мүмкін.

       Басылымдардың бақылау талондары онда сақталатын инвентарь кітабымен салыстырылады.

. Кітапханаларда қолданылып жүрген нұсқауларға сәйкес қордан басылымдар мен материалдарды шығаруға рұқсат етіледі. Есептен шығару жолымен мазмұны жағынан ескірген, көнерген, ақаулы, сондай-ақ  оқырмандар жоғалтқан және белгісіз себептермен жоғалған басылымдар алынады.

Білім беру ұйымдары басылымдар мен басқа материалдарды жыл сайын есептен шығарып отыруға міндетті.

. Идеологиялық немесе саяси есеп бойынша бсаылымдар мен басқа  материалдарды толығымен алып тастауға тыйым салынады.

      Кітапхана қызметкерлері  нотариалдық кеңсенің атқарушы жазбасы, төлқұжат үстелінен, жергілікті әкімшіліктен, оқу немесе жұмыс орнынан берілген анықтама негізінде, оқырманның белгісіз бағытқа кетіп қалуы, сондай–ақ оқырман қаза болған жағдайда басылымдарды есептен шығару құқығы бар.          

                     4. Қордың қолдану барысында сақталуы

. Кітапхана қорында сақталатын басылымдар мен басқа материалдар оқу залында, абонементте және кітапханааралық абонемент бойынша кітапханаларды пайдалану қағидасына сәйкес оқырмандардың пайдалануына беріледі.

. Кітапхананың қызмет көрсету аймағында уақытша тұратын, біліктілікті көтеру курстарында сырттай оқып жүрген адамдарға тек оқу залын пайдалануға ғана құқық беріледі. Басылымдар мен материалдар үйге қордың сақталуы үшін жауапты кітапханашының еркінше басылымның кепілді немесе нақты құнымен беріледі.

. Басылымдардың міндетті және бақылау данасы, сондай-ақ сирек,  құнды материалдар оқырмандарға тек оқу залында пайдалануға беріледі.

. Кепілдеме туралы Заң негізінде және қордың сақталуы мақсатында қызмет көрсетудің кепілді жүйесін егізуге болады. Кепілдіктер мөлшері аса зәру оқулықтар үшін  алынады.

5. Қордың сақталуы үшін жауапкершілік

. Кітапхана пайдалану қағидасын бұзған немесе оның қорына залал келтірген заңды ұйымдар (кәсіпорындар, ұйымдар, білім беру ұйымдары т.т) мен азаматтар Қазақстан Респуликасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес материалдық, қылмыстық және т.б жауапкершілікке тартылады.

. Жоғалған, бүлінген басылымдар мен материалдар құны нақты (нарық) бағасы бойынша белгіленеді. Өзара келісім-шарт бойынша пайдаланушы шығынды білім беру ұйымының бухгалтериясы арқылы өтеуі немесе  құны бір басылымдармен алмастыруы мүмкін, басқа жағдайда өтем нотариалдық кеңсенің атқарушы жазбасы (ескілік мерзімі 3 жылдан аспаған жағдайда) негізінде даусыз тәртіппен жүргізіледі. Кәмелетке жетпеген оқырмандар жоғалтқан (бүлдірген) кітаптар мен мерзімді басылымдар  кітапхана құны мен  мазмұны бірдей деп таныған, сондай-ақ баспа туындысымен және материалдармен алмастырылады. Бұл орайда ата –аналар, қамқоршылар жауапкершілікке тартылады.

. Кітапхана қорын пайдалану қағидасын бұзғаны үшін оқырмандар мен абоненттер кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы  пайдалану құқығынан айырылады. Бұзушылар туралы материалдар халық соттары әкімшілік органдарының қарауына берілуі мүмкін.

. Кітапхана қызметкерлері белгіленген есеп, сақтау және қорды пайдалану қағидаларын сақтауы тиіс және осы қағидаларды бұзғаны үшін жауап береді.

      Ескерту: Кітапхананың қорды сақтау, сондай-ақ еркін пайдалану қоры жоқ  басқа да бөлімшелерінің қызметкерлері өз қорын сақтау үшін ұжымдық жауапкершілк туралы клісім-шарт жасалады.

      Ұжымдық бөлім жиналысының хаттамасында тіркелген есеп, сақтау мен қорды пайдалану қағидасын бұзған ұжымдық келісім-шарт субьектісі-қызметкерлердің бірі қызметінен босаған жағдайда оның айлық орташа жалақысының кем дегенде 30 пайызына дейінгі сома ұсталады.

       Кітапхана қызметкерлері келтірілген шығынын тиісті ақша мөлшерін кітапхана шотына енгізу немесе жоғалған басылыммен тең келетін басылыммен алмастыру жолымен ерікті түрде өтеу құқығы бар.

. Кітапхана қызметкерлері жоғалтқан басылымдары мен материалдары үшін мына жағдайда материалдық  жауап бермейді:

 1) егер оны сақтау үшін лайықты жағдай (тиісті бөлме, қызметкерлер штаты, дабылдама т.б) жасалмаса;

 2) кітапханашылар жоғалуға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолданған жағдайдағы оқырмандардың қорды еркін пайдалануы.

 Есептен шығару кінәлі адамдардың шынымен болмауын егжей-тегжейлі  тексергеннен кейін, олардың жоғалуына жол бермеудің қажетті шаралары қолданылған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін 36. Қайта есептеу кезіндегі басылымдар мен материалдар білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен есептен шығарылады.

. Кітапхана қызметкерлері:

1) қылмысық жазаланатын іс-әректпен (иелену, ұрлық, басылымдарды заңсыз есептен шығару, қызмет бабын өз мақсатында пайдалану ) залал келтірген жағдайда;

 2) қызметкелер есеппен алған басылымдар мен материалдарды жоғалтқан жағдайда;

3) «Қазақстан Респуликасындағы Еңбек туралы» (1999 ж.10 желтоқсан) заңында көзделген басқа да жағдайларға  толық материалдық жауап береді.

. Кітапхана басшыларының  материалдық жауапкершілігі қолданылып жүрген заңдармен реттеледі.

. Сақтау үшін қажетті жағдайдың болмауы осы нұсқауға сәйкес кітапхана басшысының оқырмандардың қорды пайдалануын шектеуге құығы бар.

 

« Кітап қорының есебі мен есептен шығарылуы »

« Учёт и списание книжного фонда »

 

            Все поступающие в библиотеку, а также выбывающие из неё издания подвергаются учёту. Назначение учёта – документировать  поступление или выбытие литературы. Вы получаете партию книг и к ней сопроводительный документ, где всё разложено по отраслям знания. Всё это заносится в первую часть книги суммарного учёта библиотечного фонда  « Поступление в фонд »

          Списание Б.Ф. производится не реже одного раза в год.

          Причин, которые вызывают исключение литературы и других материалов из библиотеки, несколько: 

-        часть печатных изданий, прослужив определённый срок, приходят в такое состояние, когда они уже не пригодны для использования и их исключают по причине физического износа, т.е. книги которые не подлежат по  своему  состоянию  ремонту и реставрации ;

-        устарелость  по содержанию ( это литература, которая утратила свою информативность и актуальность);

-        литература пострадавшая в результате аварии, стихийного бедствия;

-        литература не возвращённая читателями, т. е. читатели меняя место жительства, не возвращают взятые в библиотеке издания. Если попытка разыскать читателя и получить от него книги не удаётся, их также приходиться исключать из фонда;

-        литература пропавшая по неизвестным причинам, например с открытого доступа.

Исключение книг и других изданий должно быть

документированно. Поэтому на выбывающие из библиотеки  издания составляются акты, которые служат оправдательным документом, подтверждающим правомерность исключения из фонда. Нумерация актов продолжается из года в год. Она является единой для всей системы в целом. Акты приобретают значение оправдательного документа только тогда, когда они утверждены руководителем ЦСДБ.

           Выявление и отбор изданий подлежащих списанию в каждой отдельной библиотеке, предусматривается планами работы и производится ежегодно, в соответствии с графиком списания по системе.

      Как пишется акт? Сначала вы пишите топики, которые собираете в течении всего года. В нём вы указываете в правом верхнем углу отдел, посередине пишите номер списываемой вами книги, автора и название книги, в нижнем левом углу год издания книги, а в правом нижнем углу цену. Все топики раскладываются строго в алфавитном порядке,сначала книги на казахском языке, затем книги на русском языке.

        Что касается самого акта. Акт пишется в двух экземплярах.

     -  акт пишется за шапкой директора;

     -  затем  указывается  номер филиала и причина     списания;

    -   в акте указывается номерация, инвентарные номера       

        исключённых изданий, автор книги и название, причём

        обязательно указывать инициалы автора и одно слово  

        заглавия, отдел, год, цена за единицу;

     -  в конце акта пишется общее колличество списываемых           

        книг;

-        итоговая сумма (прописью).При подсчёте суммы списанных изданий необходимо пользоваться таблицей по переоценке фондов (в каждой библиотеке имеется), при этом можно производить переоценку каждого экземпляра отдельно, либо общей суммы в целом.

-        делается сетка, где всё разложено  и посчитано по отрослям знания.

      Акты на списание после утверждения руководителем системы должны быть разнесены по каталогам и исключены из инвентарных книг. На оборотной стороне алфавитной карточки делается отметка  о списании соответствующего экземпляра (указывается номер акта), при выбытии последнего экземпляра карточка изымается из каталога,аналогичная карточка изымается из систематического каталога. В инвентарных книгах делается отметка о списании.

        Данные о библиотечной литературы, которая была исключена из фонда заносится в соответствующие графы части  второй книги суммарного учёта библиотечного фонда

« Выбытие из фонда ».

        Макулатуру, которую вы сдаёте предприятиям занимающимся сбором и переработкой у них вы должны   брать чеки. Средства, полученные от сдачи макулатуры остаются в распоряжении филиала. Вы их используете на своё усмотрение, например на хозяйственные нужды или канцелярские товары.

Согласно графика списания в 2017 году очисткой фондов будут заниматься библиотеки-филиалы  № 2-200 экз., № 3-300 экз.,

№ 4-300 экз., № 7-300 экз., № 8-400 экз., № 11-200 экз., ЦБ – 900 экз.

        При составлении актов просим быть внимательными, соблюдать правила оформления, не допускать ошибок в написании номеров, нарушение алфавита, повторное включение в акты списанной литературы.

+7 7252 33-84-46