№14 кітапхана бөлімшесі

Главная » Кітапхана бөлімшелері » №14 кітапхана бөлімшесі
                                       

Балалардың ертегі арқылы тілін дамытып, сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында №14 балалар кітапханасында «Ертегі қиял қазынасы» атты вертуальды саяхат өткізілді. Іс - шара барысында таңғажайып сиқырға толы ертегілер қалай басталып, аяқталатынына, ертегіде не туралы айтылып, ертегінің түрлерімен таныстырып, жан – жақты әңгімеледік. Сонымен қатар оқушылар өздерінің оқып келген ертегілерін айтып, өз ойларымен бөлісті. Ертегі туралы сұрақ – жауап ойыны жүргізілді.

 

 Мектептерде арнайы сынып оқушыларына көркем әдебиеттерді оқу арқылы білімін тереңдетуге, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, оқуға деген құштарлықтарын ояту мақсатында №14 балалар кітапханасының ұйымдастырылуымен А. Навои атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектептің 3 «ә» арнайы сыныптың оқушыларымен «Кітап – рухани құндылық» атты ойын – викторина өткізілді.

 

 Қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, оған қоса адамгершілік, үлкендерді құрметтей білу сияқты асыл қасиеттер бала бойына кітап оқу арқылы берілетіні белгілі болғандықтан, баланың кітап оқуға мотивациясын көтеру мақсатында №14 балалар кітапханасында «Мотивация» клубы бойынша М.Х. Дулати атындағы Үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназиясының 7 «ка» сынып оқушыларының қатысуымен «Менің мотивациям» атты тренинг - ойыны өткізілді.

 

 «Невада – Семей» ядролық сынақтарға қарсы қозғалыстың  құрылғанына – 35 жыл толуына орай  оқушылардың  Семей полигоны туралы білімдерін тереңдетіп, ядролық қарудың адамдарға тигізер зардабы туралы айта отырып, олардың  ой - өрісін кеңейту  мақсатында  ОБКЖ - ның №14 балалар  кітапханасының  ұйымдастырылуымен  №11 А. Навои атындағы жалпы орта  білім беретін мектебінің  5 «б» - сынып  оқушыларының қатысуымен «Ядролық  қауіпсіз әлем» атты  эко сағаты  өткізілді.

 

 Жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында №14 балалар кітапханасында Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» атты повесі бойынша талқылау өткізілді.

 

 Еліміздің жарқын болашағы мен келешегі үшін оқушылардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып, білімді де өнерлі ұл-қыздарды тәрбиелеу мақсатында №14 балалар кітапханасында «Өнерлі жастар» үйірмесі аясында «Өнерлі жастар өрге озады» атты үйірме мүшелерінің қатысуымен ақын – жазушылардың шығармаларынан мәнерлеп оқу ұйымдастырылып өткізілді.

 

 Ілияс Жансүгіровтың туылғанына - 130 жыл толуына орай N11 А.Навои атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 6 "а" сынып оқушыларының қатысуымен "Ілияс - лирика шыңының биігі" атты поэзиялық кеш өткізілді.

 

 

 

+7 7252 33-84-46