№3 кітапхана бөлімшесі

Главная » Кітапхана бөлімшелері » №3 кітапхана бөлімшесі
                     

 ОБКЖ-нің №3 кітапхана бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Аталар сөзі - ақылдың  көзі» атты тәрбие сағатын "Алтын абдыра" үйірме мүшелерімен бірлесе өткізді.                           
Шараның мақсаты: Халқымыздың тәлім- тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігі,
бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді оқушыларға  ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.
Оқушыларды орынды сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету.

 

Қазақ халқының имандылыққа бала тәрбиелеудегі тағылым сөздері мен өнегелерінің маңызын, мазмұнын, түрлерін игеруге,білуге,өмірде,өз ісіне қолдануға,
отбасына, ата - анағакөмек көрсетуге баулу мақсатында ОБКЖ-нің N3 кітапхана бөлімшесі "Ата- баба дәстүрі ұрпаққа аманат" атты көрме ұйымдастырылып, "Тәрбие тал бесіктен басталады" тақырыбында танымдық сағат №18 Ш.Уәлиханов атындағы мектептің кітапханасында мектеп кітапханашыларымен, 6 'г' сынып оқушыларымен өткізілді.

 

 Шымкент қаласының ОБКЖ-нің 3 бөлімшесінде №6 Ж. Баласағұн атындағы орта мектебінің мектеп кітапханасында, 8 а сынып оқушыларымен және мектеп кітапханашысымен , Батыр,ақын,күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына-220 жыл толуына орай, "Ер Махамбет жырлары" атты жыр кеші өткізілді.

 

  ОБКЖ - нің N3 кітапхана бөлімшесі қызметкерлері Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған N2 арнайы мектеп-
интернатының 3 "ә,б";4 "ә,б" сынып оқушыларымен және сурдоаудармашы,мектеп- интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесе
"Мейірімділік- жүректен, қайырымдылық -білектен" атты қайырымдылық сағаты өткізілді.

 

 ⚜️Тәуке ханның кеңесшісі, көмекшілерінің бірі,сайып келгенде өзінің шешендігімен ел басқарған, заң жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері Әйтеке би Байбекұлының 380 жылдығына орай Шымкент қаласы ОБКЖ-нің N3 кітапхана бөлімшесі Ш.Уәлиханов атындағы N18 мектептің 8 «б,в»сынып оқушыларымен мектеп кітапханасында «Айыр тілді атанған шешен» атты тарихи сағат өткізілді.

 

 ОБКЖ-нің №3 кітапхана бөлімшесінде Ш.Уәлиханов атындағы №18 мектебінің 7 «а,ә» сынып оқушыларымен мектеп кітапханасында 7-сәуір Денсаулық күніне орай, «Лудомания-қоғамды жайлаған қауіпті індет» атты тәрбие сағаты өткізілді.

 

 ОБКЖ-нің №3 кітапхана бөлімшесінде №6 мектептің 7 “а” сыныбымен «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатқан қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл «Бала деп соққан жүрегі» атты тақырыпта шығармаларынан талдау өткізілді.

 

 

 

+7 7252 33-84-46