№5 кітапхана бөлімшесі

Главная » Кітапхана бөлімшелері » №5 кітапхана бөлімшесі
                                    

Балаларға аңыздар мен ертегілер оқып беру арқылы,, ой өрісін дамыту мақсатында, ОБКЖ-нің N5 кітапхана бөлімшесінде "Алдаркөсе мен Қожансыр хикаялары" атты дауыстап оқу өткізілді. Іс шара барысында түрлі аңыздар мен ертегілер тыңдалып, оқушылар өздері білетін ертегілер мен аңыздарын айтты.

 

 Шымкент қаласы ОБКЖ-нің N5 кітапхана бөлімшесі "Туған жер" жобасы аясындағы "Киелі өлкемнің тарихы" атты танымдық кешті N55 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасының оқу залында 5 "а" сынып оқушылары және мектеп кітапханашылары Шолпан Жұмағұлқызы мен Раушан Төлегенқызының қатысуымен өткізілді.

 

 ОБКЖ-нің N5 -кітапхана бөлімшесінде қоршаған ортаны қорғауға баулу, табиғат туралы танымдарын кеңейту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында "Жас эколог" үйірме мүшелерімен "Табиғатты сүйемін, көркіне бас иемін" атты экологиялық сағат өткізілді.

 

 Биыл Жошы ұлысының іргетасы қаланғанына 800 жыл толуына орай ОБКЖ-нің N5 кітапхана бөлімшесінде N55 мектептің 8 “д” сынып оқушыларымен «Жаһанға мәлім Жошы ұлысы» атты тарихи сағат өткізілді.

 

 Биыл балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ОБКЖ-нің N5 кітапхана бөлімшесінде N55 мектептің 6 “ә” сынып оқушыларымен “Балалар әдебиетінің күншуағы” атты әдеби кеш өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

+7 7252 33-84-46