Отбасылық кітапхана

Главная » Кітапхана бөлімшелері » Отбасылық кітапхана
                                            

Отбасылық кітапханада "Ертегі сыр шертеді" атты ойын-саяхат №23 мектептің 2 "б" сынып оқушылары және сынып жетекшісі Жүзжасарова Камиламен өткізілді. Оқушылар өздерінің білген ертегілерін мазмұндап берді, балаларға викториналық сұрақтар қойылды. Балалар белсене жауап беріп, жақсы көңіл күймен кітапханадағы түрлі жанрдағы ертегі кітаптармен танысты.

 

"Әдебиет әлемінің көрікті жұлдызы" Отбасылық балалар кітапханасында, қазақ жазушысы Саттар Ерубаевтың - 110 жылдығына орай ұйымдастырған әдеби кеш N50 мектептің 5"д" сынып оқушыларының қатысуымен өтті.Іс- шара барысында жазушының туған жері, балалық шағы, өмір жолындағы ізденістері сияқты тартысқа толы қысқа ғұмыры туралы баяндалды.

 

Қазақтың әйгілі кескіндемеші, график суретші, бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеевтің туылғанына 120 жыл толуына орай Отбасылық кітапханада "Қазақтың тұңғыш суретшісі" атты кездесу сағат Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің "Бейнелеу және сәнді қолданбалы өнер" бөлімінің меңгерушісі Наурызбаева Нұрсұлу Ошақбайқызы; сурет, кескіндеме, композиция, анатомия пәндерінің мұғалімі Оңғар Айдос Сейдалыұлы және колледж студенттері Дүйсенбай Айына, Пернебек Аруна, Зиапеден Аружан және Ахмет Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназиясының 9 'в' сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.

 

 "Қазақ балалар әдебиетінің классигі" Отбасылық кітапханада "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына шығармалары таңдалуына орай ұйымдастырылған "Қазақ балалар әдебиетінің классигі" атты әдеби - сазды кеш №50 мектеп-гимназиясының 6 "а" сынып оқушыларымен өткізілді. Кештің қонақтары:  жергілікті жазушы-фантаст Сарманбай Исақ; ақын Айгүл Қалтайқызы; ақын, сазгер Айзада Бекенқызы өз шәкірттерімен келді.

 

 25.01.2024 в Семейной библиотеке прошел час интересной книги под названием «Актуальный Гайдар», посвященный творчеству известного детского писателя Аркадия Петровича Гайдара, которому отмечается 120 лет со дня рождения.
Мероприятие готовилось заранее. Школьники, учащиеся сш №3 имени Улукбека 6 «г» класс получили задание от библиотекаря прочитать повесть «Тимур и его команда» Была оформлена книжная выставка «Истинный знаток ребячей души».

 

Отбасылық кітапханада батыр, ақын Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай "Махамбеттің жырлары - көтеріліс ұраны" атты поэзия сағаты N50 мектеп-гимназиясының кітапханашысы Сманова Пейсенкүл, сынып жетекші Жадыра Атабаеваның басқаруымен 7"б" сынып оқушыларымен бірге өткізілді.

 

 Отбасылық кітапханада ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, ақынның өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу мақсатында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Есіңе мені алғайсың» атты лирикалық кеш №50 мектеп-гимназиясының және «Жан-нұр» мектебінің 8, 9 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.М.Әуезов атындағы университеттің педагог-организатор факультетінің шәкірттері ақынның шығармаларына сахналық қойылымдар мен лирикалық өлеңдерін оқыды.

 

 09.02.2024 в Семейной библиотеке в рамках клуба «Шабыт» прошел поэтический вечер «Распахнутого сердца не жалея...» встреча с известными шымкентскими поэтами: Узденовым Тахиром Азретовичем, Шестаковым Юрием Николаевичем, Асаном Беймбетовым, Павлом Николаевичем Ким, а так же с Алексеем Скибиным. Слушателями и участниками вечера поэзии были ученики 8, 9, 10, 11 классов школы-лицея №23 преподавателем Левицкой Натальей Владимировной и учащиеся десятых и одиннадцатых классов школы- гимназии № 50 имени А. Байтурсынова, преподаватель Гадиева Наиля Аркадьевна.

 

 Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету мақсатында Отбасылық кітапханада Ауған соғысы ардагерлері Ешанкұлов Нұрғали Оралұлы, Айтмамбетов Датқабек Өмірзақұлы, Құралбаев Шадияр Бектайұлымен және «Жан Нұр» жалпы білім беру мектебінің 7-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Ауғанстан соғысының ақиқаты» атты кездесу кеш өтті.

 

 Қазақтың би шешендерінің бірі әділ бітім айтқан, тапқыр да ділмәр шешендігімен белгілі, болған Әйтеке бидің туғанына 380 жыл толуына орай Отбасылық кітапханада «Тұғырлы тұлға Әйтеке би» атты танымдық сағат А. Байтұрсынов атындағы № 50 мектеп - гимназиясының 7 «е» сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.

 

 Қазақ кино өнерінің негізін қалаушы актер, режиссер Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың – 110 жылдығы және қазақ халқының сүйікті әртісі Әмина Өмірзақованың - 105 жылдығына орай Отбасылық кітапханада №23 мектеп лицейінің оқушыларының қатысуымен «Кино өнерінің жарық жұлдыздары» атты портреттік кеш өтті.

 

 28.02.2024 в Семейной библиотеке в рамках республиканской акции «Одна страна – одна книга», в которой в 2024 году для чтения предложены произведения выдающегося казахского писателя, классика детской литературы Бердибека Идрисовича Сокпакбаева прошел познавательный час на тему «Человек из страны детства».

 

Ынтымақтастық пен ізгілікке, татулық пен бірлікке бастайтын 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту –парызым »  атты тақырыптық сағат отбасылық балалар кітапханасында  N50 мектептің 7 "в" сынып оқушыларымен бірге өтті.

 

 Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай біліуге адамгершілікке ізгілікке баулу, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында Отбасылық кітапханада «Мерекеңмен аяулы анашым» тақырыбында мереклік кеш №50 мектеп-лицейінің 8 «е» сынып жетекшісі Ажар Токышова және сынып оқушыларымен өткізілді.

 

 Жаңа жылдың басталуын, табиғаттың оянуын және жаңаруын білдіреді. Осы орайда Отбасылық кітапханада «Қош келдің, әз-Наурыз» тақырыбында мерекелік кеш №50 мектеп - гимназиясының 6 «ә» сынып оқушыларының қатысуымен өтті.             

 

 Отбасылық кітапханада “Салт-дәстүрім - таусылмайтын байлығым” атты тақырыптық сағат N50 мектеп гимназиясының 6”а” сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Іс-шара барысында салт-дәстүр байлығы - мәдениеттің барлығы екенін, халқымыздың әдет,ғұрпын,дәстүрін, тарихын білу оны қастерлеу керек екенін айтып өтті.

 

 “Тыңда, бөбек ертегі” атты ертеңгілік өтті.
Кітапханашы бүлдіршіндерді кітапхана бөлімдерімен таныстырып, қызықты да суретті, ашпалы кітаптарды көрсетіп, кітаптың шығу тарихымен ережелерін түсіндірді.
Іс шара соңында “Қошқар мен теке” атты мультфильм тамашалап, “Ертегілер еліне саяхат” атты кітап көрмесіне шолу жасалынды.

 

 Орталықтандырылған балалар кітапхана жүйесінде кітапханашылар арасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзін талқыланды.

 

 Өркенді жастарға кітапты сүюге, көркем оқуға, кітапты құрметтеуге баулу. мақсатында 2024 жылдың 2 сәуір, сағат 11.00-де Отбасылық кітапханада «Сиқырлы кітаптар әлемі» атты 2 сәуір–Халықаралық балалар кітабы күніне орай байқау өткізілді. Бұл байқауға қала мектептерінен 8 сынып оқушылар арасынан іріктеліп алынды.
Байқауға жергілікті ақын–жазушылар,профессор, академик, жазушы-фантаст Сарманбай Исақ, балалар ақыны Дәркен Танабаев, балалар жазушысы Қожакелді Исаев, сазгер Айзада Бекенқызы бүгінгі мерекелік іс шараға қатысты.

 

 Қазақ ұлт - азаттық қозғалысының көрнекті өкілі Серәлі Мұңайтпасұлы Лапиннің туғанына - 155 жыл толуына орай Отбасылық кітапханада «Тұранның тұғырлы тұлғасы» атты тарихи сағат № 50 мектеп - гимназиясының 8 «ә» сынып оқушыларымен өткізілді.

 

 10.04.2024 в Семейной библиотеке прошло мероприятие видео-энциклопедия «Он был Первым!», посвященное Дню космонавтики и 90-летию со дня рождения первого космонавта Земли Ю. А. Гагарина.

 

 17.04.2024 в Семейной библиотеке в рамках клуба «Шабыт» прошел творческий вечер с известным Шымкентским поэтом Президентом Казахстанского отделения Международной Академии русской словесности (МАРС) Юрием Николаевичем Шестаковым на тему «Души прекрасные порывы» из цикла Шымкент поэтический.

 

 

 

 

 

+7 7252 33-84-46