Ереже

Әдістемелік-ұйымдастыру бөлімінің  ережесі

 

І.  Жалпы ереже 

  1. Әдістемелік-ұйымдастыру бөлімі кітапхананың дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады және директордың тікелей бақылауында.
  2. ОБКЖ-нің директорының бұйрықтары мен нұсқауларын, ішкі еңбек тәртібі Ережесін, осы Ережені басшылыққа алады.

 

ІІ. Бөлімнің  негізгі міндеттері 

  1. Балаларға қызмет көрсететін балалар бөлімшелерінің кітапханаларына оқырмандар сұранымын кең көлемде қанағаттандыруға мүмкіндік беретін яғни олардың қажет ақпаратты, ұлттық және әлемдік мәдени байлықтарды пайдалануында жаңа әдістер қолдануды игеруде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді.
  2. Бөлім  кітапханалармен мәдениет орындарында балаларға қазіргі әлеуметтік мәдени жағдайда кітапханалық қызметтің актуальды мәселелері жақсартады.
  3. Қазақстан және басқа жақын кітапханаларда балаларға кітапханалық қызмет көрсетудің қызықты және озық үлгілерін тәжірибеге ендіреді, жинақтайды және анықтайды.
  4. Балалармен жұмыс істейтін балалар кітапханаларының мамандарының білімін жетілдіреді.
  5. Кітапхана-бөлімшелері арасында әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді.

 

ІІІ. Бөлім  жұмысының негізгі мазмұны мен міндеттері 

  1. ОБКЖ-дегі  балаларға кітапханалық қызметтің жағдайын талдау. Мәдениет бөлімі мен кітапхана басшыларына керекті ұсыныстармен талдау материалдарын ұсынады. Басқа да қорытынды материалдар (баяндама, анықтама, ақпарат, есеп және т.б.) дайындайды.
  2. Кітапханаларының қызметінде, әлеуметтік-мәдени жағдайға байланысты актуальды бағыттарын анықтап, кітапхана қызметінің тұтас бағдарламасын құрастырады.
  3. Облыстық кітапханалармен бірігіп (мәдениет бөлімінің тапсырмасымен) Үкіметтің заң актілері, қаулылармен нұсқауларының жобасын, ОБКЖ-нің кітапханалары қызметін белгілейтін,оның ішінде балалармен жұмысы мәселесіне тікелей байланысты бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды дайындайды.
  4. ОБКЖ  кітапханалық озық үлгілерінің жағдайын зерттеу, кітапханаларға әдістемелік көмек беру үшін кітапхана-бөлімшелеріне шығып тұрады.
  5. Балалармен кітапханалық жұмысты теориялық және тәжірибелік мәселелермен конференциялар, зерделі кеңестер, пікіралмасулар, тренингтер өткізеді.
  6. Облыстық балалар кітапханасы және біріккен кітапханалардың жұмыс жоспарымен  есебін талдау. Балалар кітапханалар жұмысының көрсеткіштер кестесін, облыстық кітапханалардың  түрлі бағыттағы қызметтеріне шолу құрастырады.
  7. Облыстық және жергілікті бөлімдермен бірге балалар оқуына байланысты жүргізеді. Зерттеу тақырыбын анықтап, бағдарламасымен әдісін    құрастырады. Кітапхана қызметкерлеріне кеңес береді. Зерттеуді ұйымдастырады. Жүргізілетін зерттеу барысымен нәтижесін талқылайды. Зерттеу қорытындысы бойынша ОБКЖ-нің басқа кітапханалар тәжірибесіне енгізудің бағдарламасын құрастырады.
  8. Қазақ және орыс тілдеріндегі баспа өнімдерін баспаға жинақтап және дайындайды.

      - Балалармен жұмысты ұйымдастырудағы жекелеген мәселелер бойынша нұсқау әдістемелік материалдар;

     - Балалардың арасында әдебиеттерді насихаттауға көмек ретінде, әдістемелік және әдістеме-библиографиялық              құралдар;

      - Ғылыми-тәжірибелік конференциялар, зерттеулер, зерделі кеңестер, тренингтер, пікір-таластар материалдары           мен ұсыныстар;

      -Талдау материалдары,басқа кітапханалар шығарған әдістемелік материалдардың жоғарғы үлгілерінің қазақ                   тіліндегі аудармалары.

  1.  Кітапхана бойынша әдістемелік жұмысты үйлестіреді.Әдістемелік кеңес жұмысын ұйымдастырады.
  2.  Қалалық байқау бәйгелерді ұйымдастырады. («Балалар оқырмандарының  шығармашылық лабараториясы» шеңберінде)
  3.  ОБКЖ-дегі кітапханалар мамандарының кәсібін жетілдіруін ұйымдастырады. (жеке жоспар бойынша)
  4. Кітапханатанудан, ең алдымен балалармен жұмыс жөніндегі әдістемелік және ақпараттық материалдарды, әдебиеттерді жинақтап сақтайды және ұсынады.

         Ол үшін:

-         Әдебиеттердің қосалқы қорын құрайды;

-         Әдістемелік материалдар бойынша картотеканы жүргізеді (қазақ және орыс тілдерінде).

-         Кітапханатану ісіндеге теориямен тәжірибесіндегі түрлі мәселелері бойынша ақпараттық кеңес пен анықтама-библиографиялық жұмыс жүргізеді,балалар оқуының жетекшілеріне,қаланың кітапхана қызметкерлеріне, оқу орындарындағы кітапхана факультеттері студенттеріне қордан басылым береді.

 

ІV. Бөлім жұмысын ұйымдастыру 

  1. Бөлімді  меңгеруші басқарады, оны кітапхана директоры жұмысқа тағайындап және босатады.
  2. Меңгеруші бөлімнің  барлық  жұмысын ұйымдастырады,  жоспармен есептер құрастырады, осы Ереже анықтаған міндеттер мен қызметкердің орындалуына тікелей жауапкершілікті әдістемелік бөлім меңгерушісі қызметі бойынша  ОБКЖ-нің директоры жанындағы кеңес мүшесіне кіреді.
  3. Бөлім  қызметкерлерін меңгерушінің ұсынуымен Кітапхана директоры жұмысқа тағайындап және босатады. Ол үшін сектор қызметкерлері, меңгерушімен қоса, квалификациялық және қызметтік сәйкестікте болу керек.
  4. Бөлімнің барлық қызметкерлерінің міндеттері  Кітапхана директоры бекіткен нұсқаумен анықталады.
  5. Бөлім жұмысы кітапхананың жалпы жоспары мен есебін директор бекітеді.
  6. Бөлім қызметкерлеріне жауапкершілік артылады:

-         өз қызметтік міндеттерін, директордың бұйрықтары мен нұсқауларын жұмыс жоспарын орындау;

-         жұмыс есебін дер кезінде тапсыру, ондағы мәліметтердің нақтылығы;

-         өзінің кәсіптік және жалпы мәдениеттелік деңгейін үнемі жетілдіру;

-         еңбекті ұйымдастыру, өндірістік  және еңбек тәртібін сақтау;

-         сектордың қауіпсіздік техникасын, еңбек қорғау, өндірістік тазалық және өрт қауіпсіздігі жағдайы.  

                                                                                             

 

+7 7252 33-84-46