Ереже

  Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету бөлімнің ережесі

 І. Жалпы ереже

  1. Кітапхананың құрылымдық бөлімшесі болып саналатын анықтама-

        библиография бөлімі  кітапхананың  директорына бағынады.

  2.  Бөлім  өзінің іс-әрекетіне мыналарды басшылыққа алады: күші бар заң актілері;

   - Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің Мәдениет комитетінің  

      бұйрықтары мен жарлықтары және де басқа да жетекші құжаттары;

   - ОБКЖ-нің жарғысы; Директордың бұйрықтарымен жарлықтары;

   - Кітапхана іші тәртіп ережелері;

   - Осы ереже.

 

ІІ. Бөлімнің негізгі міндеттері

 1.Кітапхана қорларын толық ашып көрсету және пайдалану, балаларға білім беру,  

   тәрбиелеу және оқыту, Қазақстан Республикасы туралы мағлұматтарды кеңінен

   тарату жолында кітапхана оқырмандарын, жастар проблемаларымен    

   айналысатын ұйымдармен мекемелерді жан-жақты және қолма-қол анықтама-

   библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету және 

   ұйымдастыру.

 

2.ОБКЖ-нің оқырмандарымен кітапхана-бөлімшелерінің оқырмандарына  

   анықтама - библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету жұмысына

   әдістемелік  жәрдем беру.

 

3.Оқырмандардың әртүрлі топтары арасында  кітапхана және кітапты насихаттау

   жұмысын ұйымдастырады.

 

ІІІ. Бөлім жұмысының негізгі міндеттері мен мазмұны

 1.Анықтама-библиографиялық аппарат (АБА) қорын жинақтау; ОБКЖ-дегі балалар  

   кітапханасы каталогтармен картотекалар жүйесінің Ережесі бойынша   

   картотекаларды жүргізу және редакциялау.  Орындалған анықтамалардың

   архивын құру арқылы кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын  

   қалыптастыру.

 

2. Оқырмандарға қолма-қол, жан-жақты (барлық білім салалары бойынша) қызмет  

    көрсетуге мыналар жатады:

-         кітапхана оқырмандары және мекемелер мен ұйымдардың сұранымына (ауызша және жазбаша анықтамалар) тікелей жауап береді;

-         Каталогтар мен картотекалар жанында кезекшілік; пайдаланушыларға библиографиялық ізденістер әдістері бойынша кеңес беру;

 

3. Кітапхананың кітапханалық-библиографиялық қорлары туралы жаппай

    көпшілік, топтық және жеке хабарламалар ұйымдастыру, ол үшін мына

    жағдайлар жасалады:

-         кітапханаға келіп түскен әдебиеттер туралы хабарламалар, бюллетеньдер;

-         оқырмандардың сұранымына орай әдебиеттердің тақырыптық тізімін дайындау;

-         басқа кітапхана бөлімдерімен бірігіп, немесе ұйымдармен мекемелердің сұранымына орай (келісім-шарт бойынша) Хабарлама күндер, Библиографиялық күндер, әдебиеттерді қарап шығу, библиографиялық шолу, жаңадан келіп түскен хабарлама және библиографиялық әдебиеттердің беташарын өткізу,

-         бұқаралық-информация құралдары үшін хабарламалар дайындау.

 

4. Әртүрлі топтағы пайдаланушылар арасында кітапханалық- библиографиялық

    білімді кеңінен насихаттау мақсатында кітапхананың каталогтар мен

    картотекалар жүйесі туралы көрнекті хабарламалар, кітапханалық-

    библиографиялық сабақтар мен тренингтер, әңгіме, кеңестер, саяхат лекция

    библиографиялық шолулар, жадынама (памятка) шығару, әртүрлі белгілер, жол

    көрсеткіштер және басқа да хабарлама материалдар, радиомен теледидар арқылы 

    сөз сөйлеп, баспасөзде мақала жариялау.

 

5.Қазақ және орыс тілдерінде мына библиографиялық басылымдарды дайындап

   шығару: ағымдағы әмбебап және хабарлама көрсеткіштер дербес көрсеткіштер,

   ұсыныс библиографиялық құралдары (құрама, сала және библиографияның «кіші  

   түрлері»).

 

6.Анықтама-библиографиялық және ақпараттық жұмысты ұйымдастырудың

   әртүрлі жағдайлары мен есеп жүргізу, қызмет жоғарлату жөнінде кітапхананың

   басқа бөлімдеріне кеңес беру.

 

7. ОБКЖ-дегі анықтама-библиографиялық және ақпараттық жұмысының

    жағдайына талдау жасау, оны дамыту мен одан әрі жетілдіру жайын жеке

    зерттеу, жаңа технология мен озат тәжірибені енгізу.

 

8. ОБКЖ-сі және кітапхана-бөлімшелеріне библиографиялық және ақпараттық

    қызмет көрсетудің ең озық тәжірибелерін анықтап, жинақтап, іс жүзіне асыру

    үшін сала бойынша (әдістемелік бөліммен бірігіп) зерделі кеңес, білімін көтеру,

    тренинг, іссапар, әдістемелік-нұсқау материалдарын шығару арқылы кітапхана- 

    бөлімшелеріне көмек көрсету.

 

ІV. Бөлім жұмысын ұйымдастыру.

 

1.Анықтама-библиографиялық бөлімді меңгерушісі басқарады. Оны кітапхана

   директоры жұмысқа тағайындап, босата  алады.

 

2.Меңгерушісі бөлімнің бүкіл жұмысын ұйымдастырады: бөлімнің жоспарлары

   мен есептерін жасайды, осы ереже бойынша белгіленген міндетті қызметтердің  

   орындалуын қадағалап, жұмыстың мазмұнымен сапасына жауап береді. Бөлім

   меңгерушісі лауазымы бойынша ОБКЖ-нің директоры жанындағы Кеңес  

   мүшесіне кіреді.

 

3.Бөлім қызметкерлерін кітапхана директоры меңгерушісінің ұсынысымен жұмыс

   орнынан алып, қоя алады. Сонымен қатар бөлім қызметкерлері меңгерушімен

   қоса «Кітапхана және орталық кітапхана жүйелерінің басшылары мен  

   мамандарының мамандық мінездемесінде (Қазақстан Республикасы Мәдениет 

   министрлігі 1995 жыл 11 шілде) белгіленген талапқа сай болу керек.

 

4.Қызметкердің міндеттері Кітапхана директоры бекіткен лауазымдық

   нұсқаулармен анықталады.

 

5.Бөлім жұмысы Кітапхананың жалпы жоспары негізінде құрылады. Бөлім  

   жоспарлары мен есептерін кітапхана директоры бекітеді.

 

6. Бөлім қызметкерлері мына жұмыстарға жауап беруі тиіс:

      - жұмыс жоспарының, директордың бұйрықтарымен жарлықтарының және

         өзінің лауазымдық міндеттерін орындалуына;

      - жұмыс есептерін уақытында тапсырып, ондағы мәліметтердің дұрыстығына;

      - өзінің кәсіби және жалпы мәдени деңгейін үнемі көтеріп отыруға;

      - бөлімдегі анықтама-библиографиялық ақпараттың мазмұны мен сақталуына;

      - еңбекті ұйымдастырып, өндірістік және еңбек тәртібін сақтауға;

      - бөлімнің техникалық қауіпсіздігі және өртке қарсы жай-күйіне.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+7 7252 33-84-46