Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі
Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі кітапхананың дербес бөлігі
болып табылады.
1.2.Кітапхана процестерін және автоматтандыру бөлімі кітапхананың
директорына бағынады.
1.3.Өз міндетінде бөлімі қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік
актілерін, Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігінің қаулылары
мен жарлықтарын, кітапхананың Жарғысын, кітапханадағы бұйрықтар мен
жарлықтарды, кітапхананың жұмыс регламентін ұйым арасындағ ұжымдық
келісім шартты басшылыққа алады.
ІІ. Бөлімнің негізгі міндеттері мен қызметтері:
2.1 Негізі міндеттері:
-жаңа заман талабына сай кітапханалық – ақпараттық технология және телекоммуникция құралдары арқылы тұтынушыларға жылдам және сапалы қызмет
көрсету;
-тұтынушыларға толық әрі нақты ақпарат беру;
-Қазақстан Республикасында тыйым салынған экстремистік, бейәдеп сипаттағы
материалдарды қоспағанда, барынша мол ақпаратпен қамтуға жағдай жасай
отырып, оқырмандардың ақпараттық талаптарын толық қанағаттандыру;
2.2 Негізгі қызметтері:
-тұтынушыларға анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
және жүзеге асыру;
-кеңестік көмек көрсету;
-Интернетте ақпарат іздеу, жинау, компакт-дискілерге көшіру, компьютерде
мәтін теру, сканерден өткізу, тренингтер өткізу;
-кітапханашыларға жаңа ақпараттық технологияны игеруде әдістемелік және
тәжірибелік көмек көрсету;
-кітапхана қызметкерлері мен тұтынушыларды электрондық ресурстармен
жұмыс істеу тәсілдері мен әдістеріне үйрету.