Негізгі қорды сақтау бөлімі
Негізгі қорды сақтау бөлімі
Бүгінгі таңда кітапхананың кітап қоры 420 197 дана, ал қазақ тіліндегі кітап қоры 116 690 дананы құрайды. Бұлар балаларға арналған дүниежүзілік үздік әдебиеттер, осы заманғы балалар көркем әдебиеті (отандық және шетелдік), оқу процесіне көмектесетін салалық және анықтамалық әдебиеттер, мерзімді басылымдар, аудио және бейне материалдар, электронды басылымдар. Кез-келген оқырман бұл бөлімдегі кітаптарды оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдеріне тапсырыс беру арқылы алдырып оқи алады.
Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі жаңадан түскен әдебиеттерді өңдеп және есепке алып отырады. Жыл сайын қорға кітаптар, мерзімді басылымдар, компакт-дискілер, аудио-видео кассеталар түседі, олар кітапхананың электрондық каталогына «Мега-РАБИС» бағдарламасы бойынша енгізіледі.
Бөлімнің мақсаты:
- қордың ғылыми негіздемеге сүйеніп қалыптастырылуы;
- сақтау тәртібін негізге ала отырып, қорды тиімді ұйымдастыру және сақтау;
- қалыптасу мен пайдалану барысының барлық сатысында тұрақтылық сақтау;
- мазмұны ескірген және тозығы жеткен кітаптарды уақытылы қордан шығару;
Бөлімнің міндеті:
- құжаттарды сақтау, маңызды әдебиеттермен қорды сапалы түрде жаңартып, толықтырып отыру;
- құжаттарды оқырманның сұранысы бойынша қызмет көрсету бөлімдері арқылы беруді жүзеге асыру;
- кітап сақтау қорындағы әдебиеттердің электрондық каталогын жасау.
Қалалық балалар кітапханасында көркем әдебиет шығармалары атауларының алфавиттік көрсеткіші кітап атаулары арқылы және оқушы-оқырмандарға, балалар жетекшілеріне көркем әдебиеттерді табуға, авторы белгісіз және ғылыми-көпшілікке мәлім шығармаларды жүйелі каталогтан іздеу кезінде қиыншылықтар келтіргенде көркем әдебиет шығармалары атауларының алфавиттік көрсеткіші кітап қорын ашып береді.