5-9 сынып абонемент

5-9 сынып оқырмандарына қызмет көрсету бөлімі –  абонемент

Қызметкөрсету бөліміндегі абонементтімектеп  оқушылары,  ата-аналар,  тәрбиешілер, балалар  оқуы жетекшілері   және  кітапхана  қызметкерлері   пайдалана  алады.

Оқырманды кітапханаға тіркеу жеке құжат арқылы іске асады. Жасы 16 дейінгі балалар ата-аналарымен құжаты арқылы жазылады. Оқырман үйге 15 күн мезгіліне берілетін 3 дана кітапты алуына болады. Егер белгіленген мезгілде оқып үлгірмесе кітапханаға келіп, басқа оқырман сол кітапты қажет етпесе, тағы созуына болады.

5-9 сынып оқырмандарына қызмет көрсету бөліміндегі абонементтің кітап қоры 30000 дана кітап, қазақ тіліндегі -4500 дана.2500  астам оқырманға қызмет көрсетіп,  50000 мыңнан астам түрлі басылымдар  үйге  беріледі. 

                                                                           

Абонемент бөлімінде кітаптар әлеміне енудің тамаша мүмкіндіктерімен қоса мектеп бағдарламасына көмекші әдебиеттердің кең көлемі орналасқан.Оқырмандар  үшін уақытын тиімді пайдалануға барлық мүмкіндіктер жасалынған. Оқырмандардың кітап оқып, дүние танымын кеңейтуге көмекші жаңа кітаптар мен мерзімді басылымдардың түрлері жетерлік.

Жылдың мерейтой иегерлеріне  тұрақты кітап көрмелері безендіріліп,  жылдың өзекті тақырыптарын қамтитын кітапханалық көпшілік іс-шаралар өтеді. Іс-шараларға кітапхананың оқырмандары белсене атсалысады. 

 

                                                                                                   

                 

                 

 

 

+7 7252 33-84-46