Ереже

VII. Абонементтің ережесі

7.1. Абонементті пайдалану тегін жаңадан тіркелген оқырман тіркелу кезінде

      кітапханаға тиісті құжаттар, оқырман кітапшасы (формуляр) кепілдік хат

      толтырылады.

 

VIIІ. Абонементтің негізгі міндеттері

8.1. Оқырмандарға қызмет көрсету 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың

     сұранымын, қызығушылығын, қажеттілігін керекті әдебиеттермен,    

     ерекшеліктеріне қарай кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету.

8.2. Оқырмандар қызығушылығының кеңейуіне, оқуға көңіл бөлуге балаларды

      ұлттық және әлемдік мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелеу.

8.3. Оқырмандар арасында кітапханалық-библиографиялық білім мен

      біліктілікті, кітапханамен кітапты насихаттау.

 

ІХ. Абонементтің негізгі қызметі мен жұмысының мазмұны

9.1. Абонементтегі оқырмандардың контингентінің құрылымы: кітапхананы

     пайдалануға жалпы білім беретін оқырмандар мен оқушылар арасында

     оқырмандар жинақтау, сондай-ақ қызметтері балаларды тәрбиелеумен білім

     беру және бос уақыттарын тиімді пайдалануды ұйымдастырушымен

     байланысты абонементтерден құру.

9.2. Оқырмандарды тіркеу, (қайта тіркеу) оларға тиісті құжаттарды толтыру,

     ОБКЖ пайдалану ережелерімен таныстыру және абонементтен пайдалануға

     алған әдебиеттердіөз мерзімінде қайтару мен сақталуына жауапкершілік

     шаралармен таныстыру.

9.3.Оқырман құрамын олардың қажеттілігі мен қызығушылығын, ынтасын

     зерттеу. Пайдаланушының дифференциясынжәне жоғары мәдениетпен

     қызмет көрсетудіқамтамасыз еті каталогпен картотекалар жүйесін пайдалана

     отырып қажетті әдебиеттерді табуға көмек көрсету.

9.4. Оқырманға кітапхананың абонементқосымша  қорынан, сақтау бөлімінен

     кітап алуына кеңес беру, таныстыру. Оқырмандардан тапсырыс алып,

     оларды жылдам орындау ОБКЖ-нің бекітілген ержеге сай кітап беру және

     пайдалануды ұзарту.

9.5. Күнделікті  оқырмандардың келуін және кітап берілуін жұмыс күнделігінде

      есепке алу (қазақ және орыс тілдерінде)

9.6.Оқырмандарды оқу мәдениетіне тәрбиелеу және олардың арасында

     кітапханалық - библиографиялық білімді насихаттау.

9.7. Абонемент бөлімінің қосымша қорын оқырмандардың  сұраныстары мен

     қажеттілігіне қарай құру. Бөлімді негізінде қажетті әдебиеттермен

    толықтырып отыру. Оқырмандар сыйлаған баспа басылымдарын қабылдап

      алу.

9.8.Жүйелі түйелі түрде пайдаланылмайтын (профилсіз) көп даналы, әдеби

      мазмұны бойынша ескірген, жыртылған және тозған басылымдарды тауып

      іріктеу, қайта түптеуге, жөндеуге өткізу немесе есептен шығару.

      кітаптардың есептен шығарылуына сай акт құру.

9.9.Оқырмандардың табылмаған тапсырыстарына үнемі талдау жасау.

     Қанағаттандырылмаған сұраныстар бойынша картотека жүргізу. Олардың

     азаюына шара қолдану.

9.10. Оқырмандардан (толықтыру және өңдеу бөлімініңкелісімімен) жоғалған

      кітап орнына басқа кітап қабылдау немесе жыртылған басылымға бағасы

      бірдей әдебиет қабылдау және осыған сәйкес құжаттарды толтыру.

9.11. Абонемент қорын ұйымдастыру: жаңадан алынған кітаптар мен

       оқырмандардан қабылданған кітаптардыөз уақытында қорға орналастыру;

       қордың дұрыс орналасқанын жүйелі түрде тексеріп тұру; стеллаждар мен

       кітап сөрелері бөлгіштермен, тақырыптармен безендіру, оқырмандар ашық

       пайдалана алатын стеллаждарды тоықтыру және безендіру.

9.12. Кітапхана қорының сақталуын қамтамасыз ету, оқырмандарға берілген

       және қайтарылған кітаптарды тексерп отыру. Кітапхананың ережесін

       бұзған оқырмандарға моральдық және материалдық жағынан ықпал ету.

       Кітаптарды және стеллаждарды жүйелі шаңнан тазарту.

9.13.Қарыз оқырмандарға  ескерту жасау және оларды жою жұмыстарын

       жүргізу. Оқырмандарға берілген кітаптардың өз уақытында қайтарылуын

       қадағалау.

9.14. Жаңа түскен кітаптардан көрмелер, тақырыптық көрнекті кітап

        көрмелерін, тұсаукесер, және шолу жасау арқылы кітапхана қорын ашу.

9.15. Кітапханада экскурсия,әдеби кеш,турнир, экспресс – талқылау, оқырман

        конференциясы басқада шаралар өткізу.

9.16.Абонемент бөлімін оқырмандарға қажетті хабарламалық материалдармен

       қамтамасыз ету және түрде оларды жаңарту (кітапхананы пайдалану

       ережесі, кітап қайтару мерзімі, кітапхана жұмыстары жайлы мағлұматтар

       өткізілетін көпшілік іс-шаралар және т.б.)

9.17.Жаңа кітапханалық тәжірибелер мен техналогияларды пайдалана отырып

       оқырмандарға қызмет көрсетуді жақсарту.  Оқырман балалар мен

       кітапханалық жұмыстарды жүргізудің тиімді тәсілдерін, әдістерін жасауға

       әдістемелік және библиографиялық бөлімдермен қатынасу.

9.18. Қала кітапханаларына бөлім жұмыстары профилінде көмек көрсету,

        кеңестер өткізу, семинар ұйымдастыру, тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға

        қатынасу.

 

+7 7252 33-84-46