Ереже

Балаларға қызмет көрсету бөлім туралы

ЕРЕЖЕСІ

 

І.Жалпы ережелер мен міндеттері

 

1.1.Балаларға қызмет көрсету бөлімі орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің құрылымдық бөлімшесі болып саналады және директордың басшылығымен жұмыс істейді.

1.2.Бөлім қызметінде: әрекеттегі заң актілерін, жарлық және басқа ҚР мәдениетінің министірлігінің, мәдениет басқармасының құжаттарын; ОБКЖ-нің  директорының бұйрықтарымен жарлықтарын, кітапхана жұмыс регламентін, қорды ұйымдастыру, қолдану сақтау және түгендеу туралы нұсқаулықты жетекшілік етеді.

1.3. Бөлім қызметіне:

- пайдаланушыларға тегін қызмет көрсету;

- сұраныстарын дер кезінде қанағаттандыру;

- көпшілік іс-шараларды жоспарлау және өткізу;

- жұмысты кітапхананың ішкі бөлімдерімен, мектеп және мектептен  тыс   

  мекемелермен тығыз байланыста жүргізу.

 

ІІ.Бөлімнің негізгі міндеті.

2.1.Балалармен жұмыста кітапханашыларға, балалар оқуының жетекшілеріне кітапхана жұмысының сұрақтары бойынша әдістемелік көмек көрсету.

2.2. Адамгершілік тәрбиесі бойынша оқырмандармен жұмысты жақсартуға ықпал ету.

- балалар әдебиетінің және оқуына жетекшілік ету дәрежесін көтеру;

-кітапхана–библиографиялық білімін насихаттау, оқырмандардың оқу мәдениетін тәрбиелеу.

2.3. Оқу залы мен абонементте оқырмандарға қызмет көрсету тәртібі олардың құқықтары мен міндеттері әрбір оқырман жазылған кезде таныстырылатын «Кітапхананы пайдалану ережесімен» бекітіледі (регламенттеледі)

2.4.Өз жұмысында жоспарлармен есептер құру және белгіленген мерзімдерде оларды кітапхана директорына сараптауға және бекітуге беру.

2.5. Кеңестер жұмысына қатысу.

2.6. Көпшілік іс - шараларды  құрастыру және басып шығару.

2.7. Кітап қорынан ескірген әдебиеттерді есептен шығару бойынша жұмыс жүргізу.

2.8.Пайдаланушылармен жеке, көпшілік жұмыстарын ұйымдастыру.

2.9. Кітаптарды жарнамалау және насихаттау бойынша кітап көрмесін

      ұйымдастыру, іс-шара өткізу.

2.10.Мектеп және мектептен тыс мекемелермен тығыз байланыста жұмыс

       жүргізу

2.11. Бөлімнің зерттеу жұмысын, жарнамасын ұйымдастыру.

ІІІ. Балаларға қызмет көрсету бөлімінің жұмысын ұйымдастыру және басқару.

3.1.Балаларға қызмет көрсету бөлімін директордың тағайындауымен меңгеруші

      басқарады. Ол барлық бөлім жұмысының мазмұны мен ұйымдастыруына

      кітапхана директорының алдында жауапты.

3.2. Ол:

     - жоспардың орындалуын

     -қорды толықтыру сапасын және оның жағдайын;

     -мектермен қарым-қатынасын;

Бөлімнің санитарлық жағдайын бақылауды іске асырады.

3.3.Бөлім қызметкерлерін еңбек заңына сәйкес жұмысқа директор

      тағайындайды және шығарады.

3.4. Бөлім қызметкерлерінің міндеттері қызметтік нұсқаулармен белгіленеді.

3.5. Бөлім штаты жұмыс көлеміне және нормативтік мөлшерге байланысты

      белгіленеді.

3.6. Қызмет көрсету бөлімінде оқырмандардың жалпы білімділік, кәсіби

      сұрақтарын қанағаттандыруға есептелген  кітап қорында барлық сала

      бойынша әдебиеттер бар.

3.7. Бөлімнің кітапханалық қорының қолдануына талдау жасайды, оқырмандар

      сұранысын зерттейді, олардың сұраныстарын  тиімді қанағаттандыруды

      көтеру бойынша ұсынысты зерттейді.

3.8.Кемтігін шығару мақсатында бөлімдегі қордың құрылысымен қолдануын

      үнемі зерттеп отырады.

3.9. Бөлім қызметкерлері:

     - жұмыс жоспарын, директордың бұйрығы мен өкімін, өздерінің лауазымдық 

       міндеттерін орындауға;

-        жұмыс туралы есептерді, оған сәйкес нақты мәліметтерді өз мерзімінде тапсыруға;

-        бөлімде жүргізілетін жұмыстарды уақытылы және нақты тіркеуге;

-        өзінің кәсіби және жалпы мәдени дәрежесін үнемі көтеруге;

-        еңбекті ұйымдастыруға, өндірістік және еңбектік тәртіпті сақтауға;

-        бөлімді еңбекті қорғауға, техника қауіпсіздігінің жағдайына, өндірістік санитория және өрт қауіпсіздігіне жауапты.

+7 7252 33-84-46