Мекеме туралы мәлімет

Главная » Мекеме туралы мәлімет

Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар

кітапханалар  жүйесіндегі 

Балалар кітапханасы туралы мәлімет

 

«Шымкент қаласының  орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Шымкент қаласы әкімдігінің 20 мамыр 2009 жылғы №711  қаулысымен құрылды.

      Штаттық бірлік – 30 бірлікті құрайды, оның ішінде 19 шығармашылық  қызметкерлер, 3 әкімшілік  қызметкерлер, 8 техникалық қызметкерлер.

Кітапхана құрылған күннен бастап өзінің  оқырмандарына қызмет көрсете бастады. Балалар кітапханасы жас оқырмандар үшін білім беретін, бос уақыттын  тиімді пайдаланылатын ақпараттық орталық болып табылады.

Кітапхананың пайдаланушылары: мектеп жасына дейінгі балалар, 1-9 сынып оқушылар және балалар оқуының жетекшілері. Кітапханада 5 бөлім  жұмыс істейді. Атап айтсақ:

- Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімі;

- Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі;

- Негізгі қорды сақтау  бөлім;

-Балаларға қызмет көрсету бөлімі;

-Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімдері пайдаланушыларға   

  қызмет көрсетеді.

Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне  Отбасылық балалар кітапханасы мен 14 кітапхана бөлімшелері кіреді. Балалар кітапханалары қала аумағында орналасқан  қала мектептерімен және балабақшалар және №1, №2 Есту қабілеті бұзылған мектеп–интернатымен   тығыз байланыста бірлесе жұмыс жасайды.

Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі жыл  сайын 392500 -ден  астам  келушілерге қызмет көрсетеді. Жалпы  кітап қоры–408 046 дана. Оларға жыл сайын–765000 мыңнан аса кітап және түрлі құжаттар, кітаптан бөлек  кітапхана 26 аталым бойынша отандық мерзімді басылымдарды жаздырып алады.

Электронды каталог құру және  кітапхана үрдістерін автоматтандыру   жұмысын тиімді атқару мақсатында ВЕБ–РАБИС  кітапханалық бағдарламасымен  жұмыс жасайды.

Пилоттық  жоба   негізінде  «Ақпараттық киоск» жарнамалық  электронды қондырғысы орталық балалар кітапханасында орнатылды. Оқырмандар  «Ақпараттық киоск» арқылы   өздеріне қажетті   ақпаратты тез әрі  жеңілдетілген  түрде ала  алады.

 «Коворкинг» білім орталығы заманауи үлгіде жабдықталған интеллектуалды бәсекеге қабілетті  тұлғаны тәрбиелеуге ықпалы  бар ресурстарды пайдалана отырып, келушілердің бос уақытын тиімді, әрі  пайдалы өткізуіне және өзінің сүйікті ісімен айналысуына барлық жағдай жасалған. Интернет желісіне қосылған компьютерлерді  оқырмандар шектеусіз пайдалана алады.

Сонымен қатар кітап қорынының мазмұнын ашу және кітап қорына жаңадан түскен  кітаптар туралы оқырмандарға  ақпарат беру  үшін  дәстүрлі және кеңінен таралған  түрлі кітап көрмелерінің маңызы зор. Сондықтан да безендірілген кітап көрмесінің тақырыбымен  мазмұнына ерекше назар аударамыз.  Осы орайда жылдың мерейтой иегерлеріне   тақырыптық сөрелер мен әдебиеттердің ашық көрмелері  ұйымдастырылып, түрлі атаулар мен оқырмандардың назарларына ұсынылады.

Жас оқырмандарды кітап оқуға тарту, отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында кітапханада түрлі мәдени іс–шаралар атап айтсақ, оқырман конференциялар, пікірталастар, танымдық–тақырыптық  кештер,  ертеңгіліктер, ауызша журналдар, дөңгелек үстелдер, сайыс–турнирлер, әдістемелік сабақтар т.б. өткізіледі.

Оқырмандардың қызығушылығын арттыру мақсатында 4 клуб, 14 үйірме жұмыс істейді. Атап айтсақ «Шабыт» қызықты кездесулер, «Сырғалым» арулар клубы, «Жауқазын» Отбасылық клубы, «Мотивация» клубтары және «Жас өркен», «Мамандықтың кілті», «Атамекен», «Білгім келеді», «Жас эколог», «Сиқырлы ертегілер», «Өнерлі  жастар» т.б. үйірмелер жұмыстырын жүргізеді.

Балалар кітапханасы еліміздің ертеңі -  қазақстандық жастардың дамуына және тәрбие алуына өз үлесін қосатын орталық.

+7 7252 33-84-46