Кітапхана процестерін автоматтандыру

Главная » Кітапхана бөлімдері » Кітапхана процестерін автоматтандыру

Кітапхана  процестерін  автоматтандыру  бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

 

I.ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕЛЕР

1.1.Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі кітапхананың  дербес  бөлігі болып  табылады.

1.2.Кітапхана процестерін және  автоматтандыру  бөлімі кітапхананың директорына  бағынады.

1.3.Өз міндетінде бөлімі қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік актілерін, Қазақстан  Республикасының  мәдениет министрлігінің қаулылары мен жарлықтары, кітапхананың Жарғысын, кітапханадағы бұйрықтар мен  жарлықтарды, кітапхананың Жарғысын, кітапханадағы бұйрықтар мен жарлықтарды, кітапхананың жұмыс регламентін ұйым арасындағы ұжымдық келісім шартты басшылыққа  алады.

 

II.Бөлімнің негізгі  міндеттері мен қызметтері:

2.1. Негізгі міндеттері:

-жаңа заман  талабына сай кітапханалық – ақпараттық технология және телекоммуникация  құралдары арқылы тұтынушыларға жылдам және сапалы қызмет көрсету;

-тұтынушыларға толық әрі нақты ақпарат беру;

-Қазақстан Республикасында тыйым салынған экстремистік, бейәдеп сипаттағы материалдарды қоспағанда, барынша мол ақпаратпен қамтуға жағдай жасай отырып, оқырмандардың ақпараттық  талаптарын толық қанағаттандыру;

 

2.2.Негізгі қызметтері:

-тұтынушыларға аңықтамалық – ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;

-кеңестік көмек көрсету;

-Интернетте ақпарат іздеу, жинау, компакт – дискілерге көшіру, компьютерде мәтін теру, сканерден өткізу, тренингтер өткізу;

-кітапханашыларға жаңа ақпараттық технологияны игеруде  әдістемелік және тәжірибелік көмек  көрсету;

-кітапхана қызметкерлері мен тұтынушыларды электрондық  ресурстармен жұмыс істеу тәсілдері мен әдістеріне үйрету.

2.3.Бөлім жаңа заман талабына сай кітапханалық – ақпараттық технология және теллекоммуникация базасы арқылы тұрғындарға кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

 

3.Бөлім  жұмысының  мазмұны:

3.1.Кітапхана  процестерін және автоматтандыру бөлімі тұтынушылардың қызметті үнемі пайдалануын және жаңа тұтынушыларды тарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

-көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтеді (Интернетте ақпарат іздеу, жинау, компакт-дисклерге көшіру, компьютерде мәтін теру, сканерден өткізу, тренингтер өткізу, кеңес беру);

-бөлімнің жұмысы және қызметтері туралы ақпарат береді, жарнамалайды;

-электрондық ресурстардың құрамы туралы ақпарат ұсынады ( көрнекі түрде плакат, жаднама, буклеттер  шығарады;

-Интернет ресурстарын пайдалану негізінде ақпаратты қызмет көрсетуді дамытады ( ақпараттық – анықтамалық қызмет көрсету, әртүрлі мәтіндік, графикалық және аудио – видео ақпараттарды іздеу);

-семинар, курс, тренинг арқылы Интернетте пайдалануды жаңадан келген тұтынушыларды үйрету;

-бөлім қызметкерлерінің біліктілігін көтеру ( сабақтарға, семинарға, ғылыми конференцияларға, тренингтерге қатысу).

3.2.Кітапханада Интернет ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын жасау және еңгізу;

-тұтынушылар сұраныстарының дәстүрлі, электронды және басқа да типтерін тиімді пайдалану әдістемесін жасау және қалыптастыру;

-қанағаттандыру дәрежесі бойынша іздеу сапасын талдау.

3.3.Ақпараттық және анықтамалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтау мақсатында тұтынушылардың қызығушылығын, құрамын, талап – тілектерін зерттеу ( анкета, тестілеу, сұрау, ақпараттық сұраныстарды

+7 7252 33-84-46