Ереже

Негізгі қорды сақтау бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

                                            

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

     Негізгі қорды сақтау  өндірістік құрылым орталық  кітапхананың құрамында

     ОБКЖ  бөлімі болып табылады және іс жасайды:

    -кітаптарды өңдеу және толықтыру, журналдар, жалғастырмалы басылымдар,

      басқа   хабар берушілер, каталог және картотека жүйесі көрінісі;

    -бөлімнің іскерлігімен байланысты ғылыми зерттеу, методикалық және

     ұйымдық-технологиялық сұрақтар бөлімінің іскерлігімен байланысты.

     Негізгі қорды сақтау бөлімі өз ұжымының күшімен ғылыми өндірістік   

     іскерлігін   жылдық жоспарға сәйкестендіре қамтамасыздандырады және

     міндеттерін  орындайды.

     Негізгі қорды сақтау бөлімі Ережеге байланысты жұмыс жасайды,

    өзгертулер мен толықтырулар ОБКЖ-сі директорының бұйрығымен

     бекітіледі.

 

ІІ. БӨЛІМНІҢ МІНДЕТІ

2.1.  Кітапхана қорын және мерзімді басылымдар қорын жедел түрде және

       толық ғылыми негізделген толықтыру мен әдебиеттерді өңдеуді жедел      

       жеткізуді қамтамасыз ету және кітапхана қорын алфавиттік және жүйелі

       каталогтарда  ашып көрсету.

2.2.  Қазақстан Республикасындағы басқа кітапханалармен кітап қорын 

        толықтыру және әдебиеттерді өңдеу, сақтау мәселелері бойынша қызметтік

        келісімділігін жүргізу.

2.3.  Кітапхана каталогтары үшін әдебиеттер каталогтарын орнықтыру.

2.4.  ОБКЖ-нің кітапханасына кітап қорын толықтыру және әдебиеттерді өңдеу,

        сақтау мәселелерімен әдістемелік көмек көрсетуде басшылық ету.

2.5. Ұйымдастыруды  жетілдіру, сапасын арттыру және бөлім жұмысының  

        тиімділігін, ұжымның еңбек тәртібін.

 

ІІІ. БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

3.1. Кітапханадағы кітап корында ағымды толықтырып ұйымдастыру: әр-түрлі   

       библиографиялық ағымдағы Отандық және шетел  басылымдары, басқа

       хабар жеткізушілер, олардың тапсырысы және  алынуы;

      -баспасөз шығармаларын іріктеу, кітап саудасындағы басқа материалдарды         

       іріктеп алу;

     - ОБКЖ-нің кітап қорына ағымдағы түсімдерді өңдеп жіберу;

     -  ОБКЖ қорындағы кемшіліктерді толықтыру;

     -  мерзімді басылымдарға бюджеттік жазылымды жүргізу;

     -  ОБКЖ қорынан ескірген құжаттарды шығар;

     - Шыққан әдебиеттерді кітапханадағы инвентарлық кітаптан шығарып

       тастау;

     - Қорды толықтыру сметалық есеп-қисапты дайындау.

3.2. Бөлімге түскен басылымдарды кітапханалық өңдеуден өткізу:

      -басылымдарға  библиографиялық  сипаттама құру;

       -басылым сипаттамаларын бас алфавиттік және электрондық  

        каталогтармен тексеру;

       -әдебиеттерді жүйелеу және  пәндестіру;

       -ағымдағы түсімге мәлімет негізін құру;

       -библиографиялық жазуды құру, инвентарлау, жаңа түсімдерге карточкалар

        тираждау.

3.3. Бөлім әдебиеттерді өңдеу және ұйымдастыру, каталогтарды жүргізу   

       және саралау үшін мынадай жұмыстарды атқарады:

-        ГОСТ-тың 7.1.-2003 байланысты шығармаларды тексеріп жазамыз

        «Библиографиялық жазумен шараларды басу»

-        басылған шығармаларды жіктеу және каталогизациялау;

-        жазуды сараптау;

-        қосалқы данаға жанама жазу;

-        каталогтық карточканы белгілеу;

-        түскен әдебиеттерді каталогтан және соңғы карточкаларын алып тастау;

-        каталогтарды безендіру;

      -   каталогқа жіберілетін карточкаларды сараптау;

3.4.    Қызметтік және оқырман каталогтарын және картотекасын жүргізу  және

           ұйымдастыру:

-        ОБКЖ анықтамалық аппарты жүйесін жетілдіру, сәйкестендіре отырып  қызмет көрсету жүйесін пайдаланушыларға кітап қорын толық ашып  көрсету, пайдаланушыларға хабарлама жасау және жан-жақты көмектесу;

-        каталогтар мен  картотекаларға карточкаларды бөлу;

-        каталог пен картотекаларды іріктеп қою;

-        каталог пен картотекаларды хаттау;

-        каталог пен картотекаларға түзету енгізу;

-        қордан шығарылған әдебиеттердің карточкаларын  алып тастау;

      -   ОБКЖ ізденіс апаратын насихаттау.

3.5.    ОБКЖ қызметкерлеріне және пайдаланушыларға қызмет көрсету:

       -  каталог және картотека жүйесі бойынша ауызша библиографиялық

          сұранымдарды орындау;

-        каталог және картотекаларды ұйымдастыруды түсіндіру;

     -    ОБКЖ қорына жаңа түсімдерді қабылдау.

3.6.    ОБКЖ жаңа түскен және есептен шығарылған әдебиеттерге құжаттарды

           жүргізуді ұйымдастыру:

-        жаңа түскен басылымдар және басқа хабарламаларға акт түзу;

-        ОБКЖ бөлімшелеріне жоспар бойынша кітап қорын тексеруді  ұйымдастыру;

-        ОБКЖ бөлімшелерінің арнаулы және жалпы есеп құжаттарының дұрыс  жүргізілуін қадағалу.

3.7.     ОБКЖ кітап қорын толықтыру әдістемелік қамтамасыздандыру,

           әдебиеттерді жүйелеу және каталог пен картотеканы ұйымдастыру:

-        ОБКЖ  қорын пайдалану  және құрамын зерттеуге қатысу;

-        бөлімшелер сұранысы бойынша және бөлімдерге әдістемелік көмек көрсету;

-        қорды кітап ауысуымен толықтыру;

-        библиографиялық  сипаттама;

-        әдебиеттерді жүйелеу және пәндестіру;

-        каталог және картотеканы ұйымдастыру;

-        қорды толықтыру және каталог ұйымдастыру  бойынша семинаралар, 

-        біліктілігін жоғарылату курстары, дайындық сөз, кеңестегі  хабарламалар    ұйымдастыру;

     -    жүйелі библиографиялық сипаттамаларды іріктеу, каталогтарды

          пәндестіру.

3.8.    Бөлім жұмысын қамтамасыздандыру ұйымдастыру:

    -     жұмыс жүрісін ұйымдастыру, жұмысты жоспарлау, тіркеу және

          кітапханалық есеп жүргізу міндетті нормасы бойынша жұмыс сапасын

          қадағалау;

-        бөлім қызметкерлерінің міндетін анықтайтын нұсқауды бөлім дәрежесі мен лауазымдық мінездемеге сәйкес жасау;

-        техникалық қауіпсіздік, еңбек қорғау іс-шарасын өткізу.

+7 7252 33-84-46