Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

Главная » Отделы библиотеки » Отдел обслуживания

          Шымкент қаласындағы А.Гайдар атындағы орталық қалалық  балалар  кітапханасының  негізі 1965 жылы қаланды. 1985 жылы кітапхана қазіргі  ғимаратқа орналасты. Ғимарат  бейімделген,  мекеме  балансында.

 Кітапхананың мақсаты:

  • Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің  ұстанымы  ақпаратқа  кез-келген тұтынушының қол жетімділігін қамтамасыз ету, ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылықтарына баулу;
  • Заманның  ағымына  ілесе отырып, көп салалы толыққанды ақпаратпен оқырман сұранысын, талаптарын  қанағаттандыру;
  • Кітаптарды  насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастыру арқылы оқырмандардың кітап оқуға  қызығушылықтарын  арттыру, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға көмектесу, кітапханамыздағы бай мұрамызды оқырмандарға жүйелі, кәсіби түрде жеткізу;

Жұмыстың бағыты:

  • Оқырмандардың кұқықтық мәдениетін, азаматтығын, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
  • Оқырмандардың өлкеге, Қазақстан тарихына қызығушылығын ояту.
  • Оқырмандарды  салауатты  өмір салтын жүргізуге дайындау үшін хабарлама жұмыстарын жүргізу.
  • Кітапхана  және  оның  қызметін  жарнамалау .
  • 2011 жылдан Республикалық автоматтандырылған кітапханалық–ақпараттар жүйесі (РАБИС)енгізіліп  жұмыс істеуде. «РАБИС» жүйесі бойынша «Каталогизатор», «Тіркеу», «Іздеу» бағдарламалары  іске  қосылды.

Орталық    қалалық балалар  кітапханасының  негізгі  бақылау   көрсеткіштері

  • Оқырмандар              7000
  • Келушілер саны       70000
  • Кітап берілімі          140000
  • Кітап қоры                 70350
  • Мемлекеттік тілде     13675

Оқырмандарға қызмет көрсету  3  бөлімнен тұрады.

 1-9 сынып оқырмандарына қызмет көрсету бөлімі –  оқу залы

 0-4 сынып оқырмандарына қызмет көрсету бөлімі –  абонемент

 5-9 сынып оқырмандарына қызмет көрсету бөлімі –  абонемент

        Орталық балалар кітапханасы №23 З.Космедемьянская атындағы мектеп -лицейі, №50  А.Байтұрсынов атындағы  мектеп -гимназиясы, №3 Ұлықбек атындағы жалпы орта  мектеп  және «Сәт»,  «Майра», «Інжу - Маржан» балабақшалармен Облыстық «Саз» колледжі, Облыстық қуыршақ театры, Облыстық орыс драма театры,Қалалық мүгедектер орталығымен бірігіп жұмыстар жүргізеді.

Оқырмандарға  қызмет көрсету бөлімінің  бағыты:

  • Мектептегі оқу процессіне белсенді ықпал ету;
  • Оқырмандар деңгейіне қарай сұраныстарға  қызмет көрсету;
  • Оқырманға ақпараттарды қалай алу керектігін, анықтама аппаратымен қалай қолдану керектігін түсіндіріп -үйрету;(каталог, картотекалар).

Кітапханада  түрлі  кездесулер, тарихи, танымдық тақырыптық кештер, сайыс-турнирлер,  тұсау кесер іс - шаралары  өтеді. 

        Оқырмандардың  қызығушылығын арттыру мақсатында «Шабыт» қызықты кездесулер клубыжәне «Жас өркен»  үйірмесі  жұмыстарын жүргізеді.

                 

              

  Оқырмандарға қызмет көрсету  бөлімінде 7 қызметкер жұмыс істейді.

Құрметті оқырман! Сіз біздің кітапханадан кітаптар арқылы көптеген сұрақтарға жауап табасыз, мектеп бағдарламасы бойынша,  сонымен қатар рухани демалуға, достарыңмен қатынасуға, қызықты ойындар ойнауға үлкен мүмкіндіктер аласыз.

       

    

     

            

 

  

 

+7 7252 33-84-46