Картотекалар ережелері

Мақалалардың  жүйелі картотекасының

Ережесі

І. Жалпы ереже

    Мақалалардың жүйелі картотекасы - мерзімді басылымдар мен жинақтар мазмұнын  ашатын негізгі анықтамалық-библиографиялық  аппарат, кітапхананың жүйелі каталогына қосымша болып табылады.

   Мақалалардың жүйелі картотекасы мерзімді басылымдардың  мазмұнын дұрыс көрсете білу, оқырмандарға өзекті тақырыптар бойынша белсенді ақпарат беру қызметін атқарады. 

ІІ. Картотека құрылымы

2.1. Мақалалардың жүйелі картотекасы «КБЖ: балалар және мектептегі кітапханалар їшін таблицасы» негізінде ұйымдастырылған.

2.2. Материалдар КБЖ таблицасына  сәйкес, өзекті тақырыптар, атаулы оқиғалар мен есте қалатын күндер бойынша тақырыпты рубрикалар негізінде топтастырылған.

2.3.Әрбір бөлгіште бірінші кезекте қазақ тіліндегі, содан кейін орыс тіліндегі материалдар кері хронологиялық тәртіппен орналасқан.

2.4. Картотекадағы  материалдар  4  жыл  сақталады.

ІІІ. Картотекамен жұмысты ұйымдастыру 

3.1. Картотека журнал және газет мақалаларының компьютерлік карточкалары негізінде жүргізіледі.

3.2. Мақалаларєа  сипаттама  жазу  ГОСТ   7.80-2000,  7.1-2003 негізінде жүргізіледі.

3.3.Барлық  карточкаларға  «КБЖ: балалар және мектептегі кітапханалар їшін таблицасы» бойынша  нақты  индекс қойылады.

3.4.Барлық әрбір жалпы бөлгіштерден кейін Қазақстанға  арналған айдарлар атап көрсетілген.

3.5.Картотека жұмысына АББ меңгеруші бақылау жасап отырады.

3.6.Картотекаєа  ағымдағы  редакциялау  әрдайым, жоспарлы редакциялау 3 жылда 1 рет жүргізіледі

3.7.Картотеканы  іштей безендендіруі  їшін бөлгіштер, өзекті тақырыптар бойынша, атаулы және есте қалатын күндерге арналған тақырыптық рубрикалар қолданылады.

3.8. Картотека жәшіктері нөмірленген, рубрикалар және индекстермен жабдықталған.

3.9. Картотеканы насихаттау оқырмандарға картотека жанында әңгімелесу, кеңестер беру арқылы жүргізіледі.

+7 7252 33-84-46