Мекеме туралы мәлімет
Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар
кітапханалар жүйесі туралы мәлімет
«Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласы әкімдігінің 20 мамыр 2009 жылғы №711 қаулысымен құрылды.
Кітапхана құрылған күннен бастап өзінің оқырмандарына қызмет көрсете бастады. Балалар кітапханасы жас оқырмандар үшін білім беретін, бос уақыттын тиімді пайдаланылатын ақпараттық орталық болып табылады.
Кітапхананың пайдаланушылары: мектеп жасына дейінгі балалар, 1-9 сынып оқушылар және балалар оқуының жетекшілері.
Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне Орталық балалар кітапханасы мен 14 кітапхана бөлімшелері кіреді. Балалар кітапханалары қала аумағында орналасқан қала мектептерімен, балабақшалар және №1, №2 Есту қабілеті бұзылған мектеп–интернаттарымен, «САЗ» колледжімен
тығыз байланыста бірлесе жұмыс жасайды.
Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі жыл сайын 401500 -ден астам келушілерге қызмет көрсетеді. Жалпы кітап қоры – 420197 дана. Оларға жыл сайын – 782000 мыңнан аса кітап және түрлі құжаттар, кітаптан бөлек отандық мерзімді басылымдарды аламыз.
Электронды каталог құру және кітапхана үрдістерін автоматтандыру жұмысын тиімді атқару мақсатында Web -Cистема «MegaRabis» кітапханалық бағдарламасымен жұмыс жасайды.
Жас оқырмандарды кітап оқуға тарту, отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында кітапханада түрлі мәдени іс–шаралар атап айтсақ, оқырман конференциялары, пікірталастар, танымдық–тақырыптық кештер, ертеңгіліктер, ауызша журналдар, дөңгелек үстелдер, сайыс–турнирлер, әдістемелік сабақтар т.б. өткізіледі. Сонымен қатар, жылдың мерейтой иегерлеріне тақырыптық сөрелер мен әдебиеттердің ашық көрмелері ұйымдастырылып, оқырмандардың назарларына ұсынылады.
Балалар кітапханасы еліміздің ертеңі - білімді жастардың дамуына және тәрбие алуына өз үлесін қосатын орталық.